Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымы туралы

 АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ

 

«Хизб-ут-Тахрир» өзін «әлемдік халифат» құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді.

Ол үшін әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан жақтастар тартумен айналысатын жасырын бастауыш ұйымдар құруда. «Хизб-ут-Тахрир» идеологиясы зайырлы үкіметке қарсы қарулы күреске де рұқсат етеді.  

Аталған ұйым Ресейде, Пәкістанда, көптеген араб мемлекеттерінде, Еуропа, Оңтүстік Шығыс және Орта Азия елдерінде лаңкестік ұйым ретінде заңмен қудаланады.

Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» қызметі 2005 жылдың наурыз айында Астана қаласының сотымен экстремистік деп танылып,  тыйым салынған.

Сол уақыттан бері құқық қорғау және арнайы органдар оның 160 басшысы мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартты. 700-ден аса адам экстремистік идеологиядан өз еркімен бас тартты.

Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» әрекеттерін қайта жандандырудың жекелеген ұмтылыстары әдетте сыртқы насихат ықпалы арқылы көрініс табуда.

Назад