Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«ЖЕТІСУ-АНТИТЕРРОР-2014»: ширақ қимыл, жедел әрекет

Аталған оқу-жаттығу шараларының тəжірибелік кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі, Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жəне Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері террористік ықтимал шабуылдардың алдын алу жəне болдырмау операциялары бойынша өзара əскери сынақ жаттығуларын жүргізді.

       Аталған əскери оқу-жаттығу шарасына Əзербайжан Қауіпсіздік министрлігі, Армения Үкіметінің жанындағы Қауіпсіздік қызметі, Қырғызстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Молдова Ақпарат жəне қауіпсіздік қызметі, Тəжік стан Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Түрікменстан Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің басшылары мен озық мамандары да қатысты. Əскери оқужаттығуларға ЕҚЫҰ, Интерпол, ҰҚШҰ, ШЫҰ Аймақтық антитеррористік құрылымы, Орталық Азия аймақтық ақпараттық орталығы, ТМД құзырлы қызметтерінің өкілдері бақылау шылық етті.

        Шара барысында қатысушы мемлекеттердің террористік топтарға қарсы əбжіл қимылдайтын жедел топтарына күрделі тапсырмалар беріліп, əскери өнердің барлық түрінен арнаулы жаттығулар реті атқарылды. Далалық аумақтағы жəне қала жағдайындағы іс-қимылдар, мемлекеттік мекемелерге басып кірген жəне кепілге кісі ұстаған жанкешті топтармен күрес, террористер мінген көліктерге, сондайақ, содырлар жасырынған əскери базалар мен үйлерге, террористердің радиоактивті қару сақтайтын қоймаларына шабуыл жасап, қанқұйлы əрекеттердің алдын алу секілді аса күрделі де жауапты операциялар тыңғылықты атқарылды.

        Қала сыртындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнайы əскери тобы жаттығатын полигонда ҰҚК-ге қарасты «Боран» шекара қызметі, «Арыстан», «Сұңқар» əскери əбжіл топтары жауынгерлерінің қатысуымен террористік шабуылдарға қарсы оқу-жаттығу тəжірибелері жүргізіліп, соңғы үлгідегі заманауи ұрыс қару-жарақтарының көрмесі қойылды.

        Біріккен əскери əбжіл əрекетшіл     құрам алдында ТМД елдерінің Əріптестік антитеррористік орталығы жетекшісі,полиция генерал-полковнигі Андрей Новиков пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Нұртай Əбіқаев осы əскери іс-шараға қатысушы жауынгерлердің еңбегіне оң баға беріп, дайындыққа қосқан зор үлестері үшін бірқатар əскери қызметкерлерді символикалық естелік белгілермен жəне бағалы сыйлықтармен марапаттады.

        Еске сала кетсек, мұндай біріккен антитеррористік əскери оқу-жаттығулар Қазақстан аумағында осымен үшінші мəрте өткізіліп отыр. ТМД терроризмге қарсы əбжіл топтарының топтық

жаттығулары бұған дейін 2005 жылы «Каспий-Антитеррор» жəне 2007 жылы «Байқоңыр-Антитеррор» деген атпен елімізде өткізілген болатын.

 

 

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Назад