Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Жетісу-Антитеррор-2014»

 Алматы қаласы және Алматы облысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер құзырлы органдарының бірлескен «Жетісу-Антитеррор-2014» террорға қарсы оқу-жаттығуларының аяқталу кезеңі өткізілді. 

 2014 жылғы 9 қыркүйекте Алматы қаласы және Алматы облысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Террорға қарсы орталығының қолдауымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер құзырлы органдарының бірлескен «Жетісу-Антитеррор-2014» террорға қарсы оқу-жаттығуларының аяқталу кезеңі өткізілді. 

Ү.ж. 18 мен 21 тамыз аралығында өткен оқу-жаттығудың бірініші кезеңінде Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік қызметі мен Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі  жедел және арнаулы бөлімшелерінің күші қатыстырылды.

Оқу-жаттығуда Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Түркіменстан арнаулы қызметтері басшылары мен сарапшылары қатысты. Оны қадағалаушы ЕҚЫҰ, Интерпол, ҰҚШҰ, ШЫҰ ӨТҚҚ, ОАӨАҮО, ТМД ұйымдары (Атқарушы комитет, Қорғаныс министрлігі Кеңесі Хатшылығы, Бас прокурорлар үйлестіруші кеңесі, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесінің үйлестіру қызметі, Ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру бюросы).

Жаттығу барысында террористік топтардың террорлық актілерді жасауға қолданатын радиоактивті материалдарды тасымалдау әрекетіне қарсы келісілген жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің өзара әрекеттестік алгоритмі, сондай-ақ халықтың көп жиналатын орындарында терроризм актісін болдырмау жағдайлары игерілді.

2001 жылдан бастап ТМД ТҚО басшылығымен барлығы 12 осындай жаттығулар ұйымдастырылды.  

 

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Назад