Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Аум Синрике» діни сектасының заңсыз әрекеттерінің жолын кесу туралы

Қазіргі таңда іс-әрекеттері әлеуметтік-саяси жағдайды шиеленіструге әкеліп соқтыратын, сол арқылы қауіпсіздікке қатер төндіретін әртүрлі бағыттағы діни ағымдардың бар екендігі жасырын емес. Солардың ішінде Қызылорда қаласының тұрғындарының арасында өз діни ұстанымын уағыздауға әрекеттенген «Аум Синрике» сектасын мысалға келтіруге болады.

«Аум Синрике» - тиісті сараптамашылардың талдауынан өткізіліп халықаралық деңгейде тоталитарлық бағыттағы секта деп танылған, іріткі салушылықпен көзге түсіп жүрген діни ұйым. «Аум шындығы қозғалысы» 1986 жылы Жапонияда бастау алып, буддизмге қатысты «тантризм» бағытынан тараған.

Ұйымның негізін салушы және жетекшісі Секо Асахара (негізгі есімі – Тидзуо Мацумото) бұрынғы ине салушы маман, Жапониядағы бірнеше асханалы мейрамханалардың қожайыны.

«Аум Синрике» діни сектасы 1992 жылы Мәскеу қаласында кеңінен таралып, кейіннен Ресейдің өзге де аймақтары мен ТМД елдеріне қанатын жайды.

Сонымен, 2001 жылы дәстүрлі емес діни ағымдарды уағыздаушыларды анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында, 1966 жылы туылған Қызылорда тұрғыны, жұмыссыз, Каменев Владимир Леонидович ҰҚК органдарының назарына ілікті. Онымен қоса сектаның белді мүшелері Шевченко А., Валиулин Х., Алиев И., туралы қосымша деректер алынды.

Тексеру кезінде В.Л. Каменевтің 1996 жылы Мәскеу қаласындағы «Аум Синрике» сектасы филиалында үш айлық дәріс алғандығы анықталды. Ал Қызылорда қаласына оралысымен жергілікті тұрғындарды ұйымдастырып, аталған сектаның бағытын уағыздаумен айналысқан. Ол уағыздаушылық жұмысын «Аум Синрике» корпорациясының Ресейдегі өкілдігі басып шығарған «Өмірге келудің және өмір сүрудің қиындығы», «Бақытқа апаратын төрт жол», «Діни ақиқаттың қажетті жағдайлары», «Шындықты үйрену», «Дәріс жинағы» сияқты діни әдебиеттерді, сондай-ақ «Мантра», «Астральды музыка», «Алтын сөз» және басқа да күйтаспаларды пайдаланудың негізінде иогаға үйрету тәсілі деген желеумен ұйымдастырған болып шықты. Уағыздау кезінде Секо Асахара пікірлерін басшылыққа алып, оның басқа діндерден маңыздылығын дәріптеген. Сонымен қатар «ұстаздарының» нұсқауы бойынша ұйымға жаңа сыйынушыларды тартумен де айналысады.

Каменев өзінің діни ұйымға қатыстылығын барынша жасыруға тырысып, сыйынушылардан жеке үйлерде жиналған уақыттарын құпиялылықта сақтауды талап етіп отырған. Бас қосатын орындарды жиі өзгертіп отырды. Көптеген сыйынушыларға қатысты дуалауға ұқсас психологиялық тәсіл, айлалар қолданылды, сондай-ақ нақты нәтижеге жету үшін есірткі заттары пайдаланылды.

Өкпе ауруына шалдыққан Каменев туберкулезге қарсы күрес ауруханасында науқастар мен дәрігерлер арасында да өзінің діни үгіт-насихатын жалғастыра берді. Дәрігерлердің айтуынша сектаға тартылған емделушілердің ауруы қозып, тамаққа деген тәбеттері нашарлап, жүдеп, бей-жай күйге түсіп, қоршаған ортаға деген ынтасы төмендеген. Олардың көпшілігі туыстары мен жақын қатысатын басқа да адамдармен қарым-қатынас жасаудан бас тартып, тек өздерінің «ұстаздарымен», секта мүшелерімен ғана араласатын болған.

Осы оқиғаға байланысты бірқатар дәрігерлер мен емделушілер Каменевтің заңға қайшы әрекеттері жөнінде құқық қорғау органдарына арыздануға мәжбүр болды.

Халықты мәңгүрттікке, экстремизмге жетелейтін діни сектаның заңсыз әрекеттерінің алдын алу, жолын кесу және мұнан арғы қимылдарының қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығын Каменевке ескерту мақсатында жинақталған материалдар шара қолдану үшін облыстық прокуратураға жолданды.

2003 жылдың ақпан айында қалалық соттың шешімімен В.Л. Каменев ҚР ӘҚБК-нің 375 бабының 1 бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оған ескерту жасалынды.

Іс-шаралар нәтижесінде Каменев насихат жұмысын тоқтатты.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Назад