Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Тянь-Шань №1 - 2006» бірлескен Қазақстан-Қытай лаңкестікке қарсы жаттығулары туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Кеңесінің 2006 жылғы 29 мамырдағы Шешіміне сәйкес 2006 жылдың 24-26 тамызы мерзімінде ШЫҰ мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері және құқық қорғау органдарының «Тянь-Шань №1 - 2006» шартты атауымен бірлескен Қазақстан-Қытай лаңкестікке қарсы жаттығуларын өткізу жоспарлануда.

Жаттығу Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚК Лаңкестікке қарсы орталығының бастауымен ҰҚК Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ІІМ және ТЖМ күштері мен құралдарын тартумен өтеді.

Лаңкестерді іздеу, жансыздандыру және залалсыздандыру бойынша тәжірибелік іс-шаралары, кепілгерлерді босату бойынша әскери-жаттығу операциясы 24 тамызда Қазақстан Республикасының (Жаркент қ.) және 26 тамызда Қытай Халық Республикасының (Инин қ.) шекаралық аумақтарында өткізіледі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Назад