Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Байқоңыр-Антитеррор-2007»

Үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінде Байқоңыр қаласында «Байқоңыр-Антитеррор-2007» командалық штабтық оқу-жаттығуының аясында ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің террорға қарсы бөлімшелері басшыларының жиыны болды.

 

Жалпы көлемдегі оқу-жаттығудың бірінші бөлігінде шартты бүлдіруші-террористік топты анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізудің практикалық мәселелері талқыланды. Шартты терроршылардың рөлін Беларусь Ресупбликасының МҚК, Қазақстан Республикасының ҰҚК және РФ ФҚҚ қызметкерлері атқарды.

 

27 қыркүйек күні оқу-жаттығудың маңызды бөлігін өткізу жоспарланып отыр, онда экологиялық қауіпті нысан болып табылатын «Байқоңыр» зымыран-ғарыштық кешенінде «ұсталған» кепілдегілерді босату бойынша арнаулы бөлімшелердің іс-қимылы көрсетіледі.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі  

Назад