Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

17 белес артта қалды

"Егемен-Ақпарат", 15.07.2009ж.

 

Кеше Қазақстан Республика­сы­ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 17 жыл толды. Осы­ған орай аталған ведомствода сал­танатты жиналыс болды. Онда сөз сөйлеген комитет төрағасы Аман­гелді Шабдарбаев Елбасымыздың Жолдауындағы қауіпсіздік мәсе­ле­сіне қатысты маңызды тапсырма­лар­дың іс жүзіне асып жатқанды­ғын, оның ішінде қауіпсіздігімізге төніп тұрған халықаралық лаңкес­тік, экстремизм, есірткі бизнесі, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жедел іс-шаралардың ба­ры­сы туралы айтып өтті. ҰҚК іс-әре­ке­тінің арқасында мемлекет қазы­насына 30 миллиардтан астам теңге қайтарылып, 200 мил­ли­ард­қа жуық теңге көлеміндегі эко­но­микалық зиянның жолы кесілген.

 

Есірткі бизнесі бойынша да табыстар жетерлік. Атап айтқанда, әртүрлі деңгейдегі 54 есірткі арнасы анықталып, заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркілен­ген. Ал ел көлемінде жат идео­ло­гия­ны насихаттайтын, сол арқылы халифат құруды көксейтін “Хизб-ут-Тахрир” діни ұйымы құрылым­да­рының тамырына балта шабыл­ды. Осы секілді басқа да мәселе­лер­ді шешу барысында көптеген елдердің арнаулы қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу дәстүрге айналды.

 

Аталмыш мерекеге байланысты жүргізілген марапаттау кезінде 200-ге жуық қауіпсіздік қызметкеріне жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды. Осы орайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған “Қауіпсіздік – ел тірегі” атты шығармашылық кон­курстың да қорытындысы ме­реке қарсаңында шығарылған­ды­ғын айта кеткен орынды. Еліміз бой­ынша бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының журналис­тері жеңімпаз атанды.

 

Салтанатты жиналыстың соңы концертке ұласты. Әншілер М. Омаров, М. Бекішев пен “Асыл арна”, “Нұрсат” ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салды.

 

Назад