Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

29,6 тонна бағалы тұқымды балықты тиеп бара жатқан көлік ұсталды


Раушан Төленқызы, ҚазАқпарат, 2006 ж. маусымның 19-ы.

Батыс Қазақстан облысындағы «Орал» шекара заставасында маусымның 14-і күні таңғы сағат 5-те шекараға жақын маңда біздің елдің және Ресей Федерациясының екі азаматы РФ мемлекеттік нөмірлі тіркемесі бар «Вольво» жүк көлігіне 29,6 тонна бағалы тұқымды балықты тиеп бара жатқан жерінен қолға түсті. Оларда балықты алып өтуге рұқсат құжаты болмай шыққан.

Сенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы «Дархан» заставасының шекарашылары шекарадан өтіп бара жатқан 6 «Газель» автокөлігін тоқтатты. Кабинадағы өзбекстандық 8 адам өз елінен Қазақстанға 27 тоннаға жуық жеміс-көкөністі заңсыз алып бара жатқан.

Алматы облысы аумағындағы «Қорғас» өткізу бекетінде Қытайға 9 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Назад