Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Хизб-ут-Тахрирден» 141 адам бас тартты

Қайыржан Төрежанов, «Айқын», 05.05.2007ж.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда жұмыс істеуге тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының бірқатар жетекшілері мен белсенділерін ұстап, қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл діни партия тек дін мәселесі ғана емес, елдің экономикалық, саяси мәселелері жағынан ықпал жасауға ұмтылатын исламның ішіндегі экстремистік ағым. «Хизб-ут-Тахрир» араб тілінен аударғанда «Ислам азат ету партиясы» деген мағынаны білдіреді. Партияның түпкі мақсаты - әлемді билейтін ислам халифатын құру.

- Бүгінгі күнге дейін Алматы қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының қатарынан 141 адам өз еркімен шықты. Олар тергеу жүргізуге экстремистік сипатындағы ақпарат жеткізгіштердің басым бөлігін, яғни 5000 дана арнайы дайындалған әдебиетті біздің қызметкерлерге тапсырған болатын. Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарына кінәсін мойындап келген діни-экстремистік партияның мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» баспа өнімдерінің 3120 данасын әкеліп тапсырды. Ұлттық қауіпсіздік органдары қамауға алған «Хизб-ут-Тахрир» діни партиясының жетекшілері мен белсенді мүшелері арасындағы, партия идеологиясының экстремизмге бағыттталғанын түсінген 15 адам тергеу жұмыстарына барынша көмектерін көрсетуге тырысуда, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі полковник Кенжеболат Бекназаров.

Тұтқындалғандардың ішінде «Хизб-ут-Тахрир» партиясының Қазақстандағы жетекшісі мен республикалық қаржы директоры, баспахана ісін басқарушы сияқты діни-экстремистік партияның жауапты қызметкерлері бар көрінеді. Сондай-ақ олардың қатарларын Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Кентау, Екібастұз сияқты қалалардағы «Хизб-ут-Тахрир» партиясы ұйымдарының жетекшілері толтырған екен. Бұлар енді бұрынғы үзеңгілес партияластарын «Ислам азат ету» идеологиясынан.

Жаңа жылдың қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетімен бірлесе отырып, Ош қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының Орталық Азия аумағы бойынша ақпараттық-талдау орталығының көзін жойған болатын. Осы орталықтың жетекшісі мемлекетаралық іздестіруде болған Өзбекстан азаматы Отабек Муминов ұсталып, Өзбекстанға экстрадицияланды. Джалалабад қаласында 2000 жылдан бері Өзбекстанның, Тәжікстанның және қырғызстаннның арнаулы қызметтері «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының Орталық Азия бойынша жетекшісі Махамат-Юсуф Мамасадыковты тұтқынға алды. Тергеу барысында Қазақстан аумағында 2002-2004 жылдар аралығында партияның кең таралған жасырын құрылымдық бөлімін құруға, елімізге экстремистік әдебиет жеткізу арналарын орнатуға М.Мамасадықовты тіклей қатысы болғандығы анықталды.

Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық шеңберінде келісілген кешенді шаралардың нәтижесінде ТМД елдерінде Хизб-ут-Тахрир» партиясының белсенділігі біршама төмендетілді. Тәжікстандабұл ұйымның 56 мүшесі ұсталды және 16,5 мың шамасында баспа өнімі тәркіленді. Өзбекстанда партияның 30-дан астам мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы төрт ай ішінде оның белсенділері Бішкек, Джалалабад, Тоқмақ, Ош қалаларында тұтқындалды. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелеріне қатысты істер Ресейдің Қазан, Түмен, Нижний Новгород, Челябинск, Тобольск қалаларында да қаралып жатыр.

Назад