Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

148 келіден астам алтын-күміс тәркіленді

Жомарт Молдахметұлы, Айқын, 03.11.2009

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Алматы» халықаралық әуежайында Түркия мен Тайландтан Алматы қаласына ұшақ арқылы контрабандалық жолмен жеткізілген 263 келіден астам алтын-күміс әшекейлік бұйымдарды тәркіледі.

ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуынша, «Ыстамбұл - Алматы» бағыты бойынша Алматы әуежайына келіп қонған ұшақ жолаушыларының жүктерін тексеру барысында жалпы салмағы 115 келі (21,5 келі алтын, 93 келі күміс), сегіз мың данаға жуық алтын және 10 мың данадан астам күміс зергерлік бұйымдары тәркіленген. Сондай-ақ дәл сол күні Тайландтан «Бангкок - Алматы» халықаралық әуе жолы арқылы жалпы салмағы 35 келіден астам бес мың данаға жуық күміс бұйымдарын контрабандалық жолмен әкелген азаматтар мен азаматшалардың жолы кесілді.

- Осылайша, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің жедел іс-қимыл әрекеті жағдайында жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам қаржыны құрайтын салмағы 148 келіден астам, 123 мың данаға жуық алтын-күміс зергерлік бұйымдар тіркіленді, - деді ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.

Ал осы қылмыстық істі тергеуді қолға алған ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің айрықша тапсырмалар жөніндегі тергеушісі Қажығали Мұқашев болса, шетелдерден алтын-күміс әшекей бұйымдарын контрабандалық жолмен Алматыға жеткізуге қатысы бар құрамы алты адамнан (Қазақстан және Қырғызстан азаматтары) тұратын қылмыстық топтың және оларға «көмек көрсеткен» Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті «Жетісу» кедендік бекетінің ауысым (смена) басшысының тұтқындалғанын, қазіргі уақытта тергеу-тексеру амалдарының одан әрі жүргізіліп жатқанын айтты. Сөйтіп, алтын-күміс заттарын шетелдерден қарақшылық жолмен Алматыға заңсыз алып келген қылмыстық топтың үстінен Қылмыстық кодекстің №209 бабы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Назад