Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Отан сақшысы» – байырғы басылым

Қайыржан Төрежан, Айқын, 13.07.12.

 

Еліміздегі ең байырғы басылымдардың бірі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің апталық «Отан сақшысы - Часовой Родины» газетінің ұжымы басылымның мерейтойын атап өтті.

 

«Отан сақшысы - Часовой Родины» газетінің өзіндік жауынгерлік биографиясы бар. Шекарашыларға арналған мекемеаралық басылым Ұлы Отан соғысы кезінде құрылды. Бұл күндері фашистермен Курск түбінде қиян-кескі шайқастар болып жатқан. Соғыстағы сарбаз-сардарлардың майданнан жазған хаттарын жариялап алғы шептегі ахуалды мемлекеттік шекарада күзетте тұрған жауынгерлерге жеткізіп, рухын көтеру аймақтық шекарашылар басылымын құру сол кездерде өте қажет болды. Осылайша 1943 жылдың 10 маусымында газеттің бірінші нөмірі жарық көрді. Алғашқы күннен бастап газет шекара қызметінің озық тәжірибелерін насихаттауға, шекара жауынгерлерін қырағылыққа, әскери шеберліктерін ұштауға, отанды шексіз сүюге тәрбиеледі. Содан бері газеттің аты екі рет өзгерді, 1995 жылы екі тілді басылымға айналып - «Отан сақшысы - Часовой Родины» деген атқа ие болды. Жетпіс жылға жуық уақыттың ішінде бұл әскери басылым биік кәсіби жетістіктерге жетіп, журналистердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Он жылдан астам уақыттан бері «Отан сақшысы - Часовой Родины» газетінің редакциясын тәжірибелі журналист полковник Нұрлан Сағымбаев басқарады. Соңғы он-он бес жылда газеттің мазмұнды, маңызды болып шығуына полковник Сағидолла Сиқымбаев, подполковниктер Евгений Грасевич, Бірлік Ақшолақовтар көп еңбек сіңірді. Қазір олар отставкаға шыққан, бірақ редакциямен байланыстарын үзген жоқ.

 

Бүгінде редакцияда қызмет ететін Кенжебек Сейтмұхаммедов, Тамара Дәулетбаева, Радик Кагенов, Гаухар Алшынбекова, А.Әубәкіров, К.Тұрапов, Н.Сахов, Ж.Жаңбырбеков, Д.Сейітов, Н.Досмұхамедова, С.Яговкина, С.Әбу, А.Жамбаева, И.Турманова, Т.Новикова, Г.Әбдіқайымова, А.Сәрсекова сияқты сардарлар мен сарбаздар өз ісін жетік меңгерген мамандар. Осыдан жетпіс жыл бұрын орнаған әскери салт-дәстүрлер мен патриоттық тағлымдар, озық тәжірибелер мен қызметтік тәрбиелерді жас буын жауынгерлер осылардың қаламдары арқылы біледі.

 

«Отан сақшысы - Часовой Родины» газетінің мерекесінде осы басылымда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен подполковник Евгений Грасевич өзінің «Осенняя душа» атты өлеңдер жинағының тұсаукесерін жасады. Бұл шекарашы-ақынның екінші кітабы. Жинаққа ақынның Қазақстан шекарашылары туралы, мемлекеттік шекара тақырыбына жазылған өлеңдері кіріпті. Е.Грасевич 2010 жылы «Границы Содружества - мужество, честь и отвага» атты халықаралық әдеби байқаудың «Поэзия» номинациясы бойынша жеңімпазы атанған.

Назад