Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Кировские» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері құрықталды

ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыспен күрес желісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының барысында адам ұрлауға, оқ атар қарумен қарақшылыққа және бопсалауға қатысқан «Кировские» ҰҚТ бірқатар белсенді мүшелерінің қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті.

Осылайша, ү.ж. 27 қазанында өткізілген операцияның нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жеті мүшесі құрықталды, олардың екеуі сотталған.

Ү.ж. 22 қазанында аталмыш тұлғалар Ақжар ауылының О. деген тұрғынын ұрлап, құмды далаға алып шыққан, сол жерде оған ұрламаған малын ұрлады деп жалған қолхат жазғызған және «мойындағанын» ұялы телефонның бейнекамерасына түсіріп алған.

Оны бір тәулік бойы зңсыз ұстап, өзіне көр қаздырған, ұрып-соғып, оқатар қарумен қорқытқан. Кейін ҰҚТ мүшелері осы «мойындаудың» негізінде жәбірленушіден ұсақ қара малдың 26 басын күштеп алып қойған және оны базарда 115 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Аталмыш факті бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР ҚК 125-б. 2-т. «а», «в», «г» тармақшалары, 181-б. 2-т. «а», «б» тармақшалары және 3-т. «в» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Назад