Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Ауыз су» бағдарламасын іске асыру кезіндегі құқық бұзушылық деректері бойынша сот шешімі шықты

2006 жылдың мамырында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті «Ауыз су» инвестициялық бағдарламасын іске асыру кезінде Қызылорда облысы Қармақшы ауданының лауазымды тұлғалары тарапынан болған зиян келтірушіліктерді анықтады.

2006 жылғы 25 мамырда ҰҚКД тергеу бөлімі Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Д.Ешекеновке, құрылыс және қала құрылысы аудандық бөлімінің бастығы Б.С.Дәкеновке және «Қызылорда Даму» ЖШС директоры М.А.Нұрмағамбетовке қатысты қылмыстық істер қозғады.

А.ж. қаңтарында Қармақшы аудандық соты айыптау үкімдерін шығарды: Е.Ешекенов пен Б.Дәкенов ҚР ҚК 314-б. 2-т. бойынша 2 жыл белгілі лауазымдарға тұру құқығынан айырумен 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды, М.Нұрмағамбетов ҚР ҚК 177-б. 3-т. «б» т-сы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Назад