Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

«Атлантика» операциясы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп ірі халықаралық есірткі арналарын анықтау және жолын кесу жұмысының аясында «Атлантика» операциясын іске асырды.

Қазақстанда және Қытайда елге Колумбия мен Перуден кокаин жеткізумен айналысқан курьерлер қамауға алынды. Операцияның ерекшелігі оны іске асырудың ауқымы мен қамту аймағында. Түрлі кезеңдерде жедел іс-шаралар Оңтүстік Америка, Қазақстан, содан кейін Қытай елдерінде жүргізілді.

Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары «Ауғанстан – Қазақстан – Ресей – Еуропа» трансшекаралық арнадағы героин жеткізілмдерімен күресте теңдессіз тәжірибе жинақтады.

Біздің елімізде кокаин табысты, салқам және қайғы-мұңсыз өмірдің ажырамас атрибуты ретінде пайда болды. Американдық хиппи мен творчестволық элитаның арқасында тараған есірткі Орталық Азия аумағында әрқашан қарапайым орында болатын. Ол кезде не әуежай терминалдарында, не кедендік өтулерде ұсталған бірнеше ондық грамм жайында айтылатын.

Орталық Азия өңірі елдеріне, соның ішінде Қазақстанға кокаин экспанциясы салыстырмалы түрде жақында басталды. Нақтырақ айтсақ, бұл есірткінің қауіпті дейтіндей көлемде келгені туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері жүргізген бірқатар ірі ұстаулардан кейін ғана белгілі болды.

Қылмыстық топ Қазақстанға кокаиннің тұрақты жеткізілімдерін пошталық жөнелтілімдер, сондай-ақ, ішкі қуыс тәсілін пайдаланатын есірткікурьерлері арқылы ұйымдастырмақ болған. Алғашқы ақпарат алынғаннан кейін топты түгелдей әшкерелеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді, өйткені, бір есірткікурьерін ұстау барлық есірткі арнасын жоюға мүмкіндік бермес еді. Операция «Атлантика» деген кодталған атау алды.

Құрылған тұзаққа бірінші болып АҚШ-тың «Д» деген азаматы түсті. Шетелдікті тінту кезінде оңтүстік астананың есірткіге тәуелділеріне арналған 2,5 килограмнан астам кокаин табылды. Кокаин партиясы жөнелтілімін жаңа сату нарығын игермек болған колумбиялық қылмыстық топ ұйымдастырған. Есірткінің бұл партиясы кейін сұйық ерітіндіден «таза» кокаин алу және толықтырғышпен араластыру жолымен көтерме сатуға дайындау мақсатында сұйық күйінде жеткізілген.

Қазақстанда «ауыздары күйгеннен соң», колумбиялық қылмыстық топ көрші елге көз тігеді. Сондықтан «Атлантика» операциясының келесі кезеңі Бейжіңде өткізіледі. Қазақстандық арнаулы қызмет қытайлық әріптестерімен бірлесіп 2010 жылдың қыркүйегінде осы есірткікартелінің есірткікурьерін анықтайды. Бейжіңде қамауға алынған Колумбияның екі азаматы ҚХР-ға 700 грамнан астам кокаин алып өтпек болған.

Мұнымен бір кезеңде Колумбияның Перейра қаласының басқа есірткі тобының өкілдері Алматы қаласына тұрақты негізде кокаин жеткізудің жоспарын жасап, қазақстандық сыбайластарын таңдап жатты. Есірткідилерлерінің жоспары бойынша элиталық «ұнтақты» 10-15 күн сайын әуе көлігімен сұйық күйінде, капсулаларда, ішкі қуыс тәсілімен тұрақты түрде Алматыға жеткізіп тұру керек болған.

Бірақ, колумбиялықтардың Қазақстанның ірі қалаларын қосымша сату нарығына айналдыру туралы жоспары ҰҚК қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында іске аспаған жоспар күйінде қалды.

ҰҚК арнаулы бөлімшесі 2010 жылғы маусымда Алматыға жалпы салмағы 2,5 килограмнан астам кокаин партиясын жеткізбек болған Колумбияның «Р» деген азаматын қамауға алды, ал келесі айда оның Аргентинадан оңтүстік астанаға шамамен 2 килограмм кокаин контрабандалық жеткізілімін жүзеге асырған «П» деген отандасын ұстады.

«Атлантика» операциясын кезең-кезеңмен іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы сәуір-қыкүйек аралығында Колумбия мен Аргентинадан Қазақстан Республикасына және Қытайға бағытталған есірткі контрабандасының 4 трансұлттық арнасы жойылды. Соның ішінде Алматы мен Бейжіңде АҚШ пен Колумбияның 5 азаматы ұсталып, заңсыз айналымнан 7 килограмнан астам кокаин тәркіленді. Алдын ала қабылданған шаралар Колумбия мен Перудің есірткі саудагерлерінің Қазақстан аумағында сату нарығын кеңейту бойынша жоспарларын түгелдей дерлік өзгертіп, сол арқылы елімізді кокин озбырлығынан қорғап қалды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Назад