Архив статей

Опрос посетителей

Вопрос: Оцените портал по 5-ти балльной шкале. Внесите свои предложения
1
2
3
4
5

Вариант пользователя


архив опросов

Подписка на рассылку

   Все новости

"Барьер-2007" есірткіге қарсы шарасы

"Барьер-2007" шарасына 319 бірлескен жұмылдыру тобының құрамында төрт ведомствоның қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік шекара сызығы барлық периметрі бойынша қамтылды, халықаралық және республикалық магистралдар жедел бақылауда болды.


2007 жылғы 20 қараша мен 15 желтоқсан аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестірушілік ролімен Ішкі істер министрлігімен, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетімен және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігімен бірлесіп ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткілерді контрабандалық жолмен тасымалдаудың және олардың республикалық көліктік магистралдардағы заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған "Барьер-2007" кең ауқымды ведомствоаралық есірткіге қарсы операциясы өткізілді.

Шара жоспарына сәйкес мүдделес мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікте есірткі арналарын, оны ұйымдастыруға және қызмет жасауына қатысы бар тұлғаларды анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар операция жүзеге асырылды. "Барьер-2007" шарасына 319 бірлескен жұмылдыру тобының құрамында төрт ведомствоның қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік шекара сызығы барлық периметрі бойынша қамтылды, халықаралық және республикалық магистралдар жедел бақылауда болды.

Шара барысында есірткілермен байланысты 601 қылмыстың жолы кесілді, 537 қылмыстық іс қозғалды, 665 тұлға ұсталды, заңсыз айналымнан 378 кг астам есірткілік зат тәркіленді, оның ішінде 70 кг героин, 60 кг астам прекурсорлар, 110 бірлік суық, 25 - оқатар қару-жарақ және 82 бірлік оқ-дәрі.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Назад