2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы К.Қ. Мәсімов Астана қаласына ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне қатысуға келген Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесті.

   Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

   ШЫҰ қатысушы елдер арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейтудің кейбір аспектілері қарастырылды. ШЫҰ кеңістігінде терроризм, сепаратизм және экстремизмнің жолын кесу саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында бірлескен іс-шараларды нығайту келісілді.
 
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі