Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операциялар жүргізді.    

     2 радикалды топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.

Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз  сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды. 
Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында         5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді.
Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.
Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар «Универсиада-2017» жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге  ықпал жасады. 
 
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі