10 ақпанда Астана қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын бұқаралық талқылау шеңберінде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризм профилактикасының өзекті мәселелері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

 «Дөңгелек үстел» жұмысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Қоғамда радикалдық идеологияларға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті одан әрі қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасу жүзеге асырылды. Экстремизм мен терроризм идеяларын қолдайтын тұлғаларды дерадикалдандыру іс-шаралары қарастырылды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына нақты ұсыныстар енгізді. 
Құжат жобасымен ҰҚК ресми сайтында (knb.kz) және Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының (atc.gov.kz) сайтынан танысуға болады.
Ұсыныстар atc@knb.kz электронды адресіне қабылданады.
 
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі