Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша  21 желтоқсанда басталған арнайы операцияны аяқтады. 
Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды.
«Ат-Такфир уаль-Хиджра» жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бүгінгі күні алынған айғақтар жиынтығы бойынша «Ат-Такфир уаль-Хиджра» ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне – ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылды.
8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады.
Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған.
Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.
 
 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі