Астана қаласында 18 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында ҰҚК Төрағасының басшылығымен түркітілдес мемлекеттердің арнаулы қызметтері Конференциясының XIX отырысы өткізілді.

  Отырыс қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Владимир Жұмақанов құттықтау сөзін жеткізді.

    Іс-шараға Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан делегациялары, ал бақылаушылар ретінде Ресей мен Украинаның өкілдері  қатысты.

     Отырыс барысында  жаһандық террористік қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырудың өзекті мәселелері  талқыланды. Делегация басшыларымен болған кездесу нәтижесі бойынша Қорытынды құжатқа қол қойылды.

  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі