13 қыркүйекте Алматыда Қазақстан Республикасының төралығымен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (ШЫҰ ӨТҚҚ) Кеңесінің жиырма тоғызыншы отырысы өтті, оған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы құзыретті органдары делегациялары қатысты.
Кеңесте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының бұған дейін қабылдаған шешімдерінің жүзеге асырылу нәтижелері қорытылды.
Терроризм және экстремизмге қарсы күресте әлем қауымдастығының бірлесе күш салу қажеттігі ескеріле отырып, Кеңесте ШЫҰ ӨТҚҚ-ның халықаралық антитеррорлық ұйымдармен өзара әрекет ету тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар дайындау көзделді.
Отырыста ӨТҚҚ атқарушы комитеті және оның жұмыс тобының келесі жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Іс-шаралар террористік ұйымдарға, террористік, сепаратистік және экстремистік мақсатта Интернет желісін пайдалануға қарсы бірлесе әрекет етуді үйлестіруге бағытталған. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер шекара ведомстволары ынтымақтастығын нығайту бойынша міндеттер белгіленді
Қазақстан Республикасы төрағалық ету кезінде ШЫҰ-ға мүше мелекеттер құзырлы органдарының өзара әрекет ету қарқынына Кеңес мүшелері жоғары баға берді.
ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесіне төрағалық ету Қытай Халық Республикасына берілді.
 
 

ҚР Антитеррор орталығы