2016 жылғы 8 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, генерал-лейтенант В.З. Жұмақановты Елбасы кеңесшісі етіп тағайындауына байланысты ҰҚК Төрағасы лауазымынан босату туралы шешімін жеткізді.
Н.Ә. Назарбаев ұжымға жаңа Төраға – Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовті  таныстырды.
Келу нәтижесінде еліміздің Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 
ҰҚК Баспасөз қызметі