2016 жылдың басынан 4 тұлғаның және 8 радикалдық топтың заңға қайшы әрекеттері ерте кезеңінде алды алынды.
Алды алынған топтардың бір бөлігі өз әрекетін халықаралық террористік ұйымдар жауынгерлерінің тікелей басқаруымен және нұсқауларымен жүзеге асырған.
Маусым айында Қарағанды облысында бір бірімен байланысы бар екі топтың радикалдық тұлғаларының әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар жалпы үйлестіру шетелден қазақстандық жауынгерлермен жүргізілгенін атап өткен жөн.  
Олардың кейбір мүшелері соғыс әрекеттері аймағына жіберуге дайындалған және Қазақстан шекарасын заңсыз өту әрекеті кезінде ұсталған болатын.
Басқа топтың қатысушылары Қазақстан аумағында террористік шабуылдар жасауға дайындалған. Олар бірнеше нысандарды таңдаған болатын, солардың ішінде Балқаш қаласының маңында орналасқан ресейлік әскери бөлімі де қарастырылған.  
Арнайы операцияның нәтижесінде террористердің бұл жоспарларының жүзеге асырылуына жол берілмеді. Бұл тұрғыда ұлттық қауіпсіздік органдарына жергілікті тұрғындардың қырағылығы елеулі көмегін тигізді. 
Жалпы, 8 адам тұтқынға алынды, тағы біреуі ұстау кезінде өзін-өзі жарып жібергені өздеріңізге белгілі.
Жүргізілген жедел шаралар барысында заңсыз заттарды жасыруға арналған 4 құпия орын табылды. Олар Балқаш қаласының маңында, Гүлшат ауылында және Балқаш станциясында топтың бір мүшесінің үйіндегі бақшасында орналасқан болатын. Бұл туралы террористің ата-анасының күдігі болмаған.   
Құпия орындардан мылтықтар, оның оқ-дәрілері, сондай-ақ, көп мөлшердегі қолдан жасалған жарылғыш қондырғылардың компоненттері - сыртқы пішіндер, химиялық заттар, жарылысты қоздыратын құралдар, зақым келтіретін метал элементтері алынды.
Радикалдар жарылғыш қондырғыларды жасау үшін, қолда бар жабдықтарды, атап айтқанда шегелердің кесінділерімен болттармен, гайкалармен толықтырылған зақым келтіретін элементтерді қолданған. Сырт көзден таса жерлерде тәжірибелік сынақ жүргізу арқылы олар жарылғыш құрылғылардың қуатын анықтаған.
Топ мүшелері «шахид белдігі» түрінде 2 құрылғы дайындап үлгірген. Ұстау операциясы кезінде біреуі оларды іске асырып жарып жіберген болатын. Алынған компоненттер тағы 50-ге жуық жарылғыш қондырғыларды жасауға жеткілікті. Біздің экспеттердің бағалауы бойынша, бұндай мөлшердегі жарылғыш заттар, көп қабатты тұрғын үйді толығымен қиратуға жеткілікті.
Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 ылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 255 ерроризм актісі), 257 еррористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу), 287 аруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), және 288 аруды заңсыз жасау) баптары бойынша сот алды тергеу шаралары жүргізілуде.
Тағы бір террористік топ 2015 жылдың қараша айында шетелдегі террористердің тапсырмасы бойынша Мәскеу қаласында және Қазақстан аумағында «Париждегі оқиғаларға» ұқсас ауқымды террористтік актілерді жасауды жоспарлаған.   
Ақпан айында осы топтың 5 мүшесі біздің астанамызда ұсталды және террористік әрекетке қатысқаны үшін сотталған болатын. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары бар.
Орталық Азия мемлекеттерінің 4 азаматынан құрылған басқа топ Мәскеу қаласында ресейлік әріптестермен қамауға алынды. Қылмыскерлер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде Мәскеу қаласында террористтік актілерді жасауды жоспарлағаны белгілі болды.
27 маусымда Теміртау қаласының тұрғыны қамауға алынды. Ол халықаралық террористердің тапсырмасы бойынша шабуыл жасау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы объектілерді зерттеген. Осымен қатар, ауқатты бизнес өкілдерінен ақша қаражатын қорқытып алу арқылы терроризмді қаржыландыру арнасы қарастырылған. Бизнесмендердің біреуінің жанұя мүшесін ұрлап әкету жоспарланған. Осы ниет ойдағыдай жүзеге асырылған жағдайда бұл қылмыстық бизнес тұрақты арнаға өтуі мүмкін еді.     
Қарағанды облысынан үйлестіру әрекетін жүргізген шетел жауынгерлерінің Қазақстандағы жасырын көмекшісі де қоса ұсталды.
Аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24 ылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), және 192 (қарақшылық) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.
Басқа топтар және жекелеген тұлғалар шетел идеологтарының үгіт-насихатының ықпалымен радикалданған. Олардың белсенді әрекетке өту ниеттері жедел жолмен алды алынған болатын. 
Шілде мен тамыз айларында Батыс Қазақстан облысында осындай көріністердің бірқатарының жолы кесілді.
Алынған мәліметтердің негізінде Орал қаласының тұрғыны қамауға алынды. Ол өзінің жұмыс орнындағы шеберханасында қолдан жасалған 2 жарылғыш құралды дайындаған. Жарылғаш затты өзінің ойынша «дінсіздерге» қарсы қолданбақ болған.
Радикалдың туысқандары өздері жарылғыш құрылғылардың схемаларын және компоненттерін атап беріп және оған қарсы әшкерелейтін айғақтарды берген.
Ұсталған азамат Интернет желісіндегі үгіттеу ықпалымен экстремистік идеяларды қабылдағаны анықталды, кейін сол идеологияны өзі таратқаны белгілі болды.
Террористке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодесінің 174 леуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 255 ерроризм актісі), 256 ерроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.
26 және 27 тамызда Батыс Қазақстан облысында 8 адамнан құралған топ ұсталды. Актөбедегідей олар қаруды иемдену мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарының бөлімшесіне шабуыл жасауға ниеттенген. Кейін арнаулы қызмет пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған.
Ұсталғандардан пневматикалық мылтық, қолдан жасалған пышақтар, әртүрлі ақпараттық негіздегі экстремистік мазмұндағы материалдыр алынды. Топ мүшелері халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасын қолдан жасап, оны үгіт-насихаттық мақсатта пайдаланған.
Топ мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256 ерроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257 еррористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу), баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.
Осыған дейін 12 тамызда мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп жоғарыда аталған топ мүшелерімен байланысы болған 2 радикалдық тұлғаның әрекетінің алды алынған болатын. Олар жалған ақша жасаумен айналысқан. Жалпы жалған екі жүз мыңнан астам теңге алынған болатын. Жалған ақшаны іске асыру арқылы табылған қаражат террористік әрекетті қаржыландыруға арналған деген болжам тергеу барысында тексерілуде.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 231-бабымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) соталды тергеу шаралары жүргізілуде. Іс материалдары құзыреттілігі бойынша Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.
Алматы облысының радикалдық тобы Шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне, жоғары қызметтегі күштік құрылымдардың қызметкерлеріне, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдеріне қарулы шабуыл жасауға ниеттенген.
18 тамызда Қырғызстан азаматы және бұрын жалпы қылмыс жасағандары үшін сотталған екі отандасымыз қамауға алынды. Жиындарының біреуінде олар топтың басшысы ретінде Қырғызстан азаматын сайлаған және қалған топ мүшелерінің рөлін белгілеген. Біздің азаматтардың біреуі өзін-өзі жаруға ниетін білдірген.
Өз әрекеттерін ауқымды қоғамдық пікір туғызу үшін, олар адамдар көп жиналатын орындарда террористік акті жасау жолын қарастырған. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы әуежайды зерттеп, барлау жүргізген. Олар Америка Құрама Штаттарында 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған шабуылдарға ұқсас ауқымды террористік актіні жүзеге асыру үшін азаматтық немесе әскери ұшақты ұрлап әкету мүмкіндігін қарастырған.
Сондай-ақ, олар террористік актіні жасаудың алдында өздерінің әрекетін діни негіздемеде түсіндіретін бейнеролик жасауды және оны Интернетке орналастыруды жоспарлаған.
Қару мен оқ-дәрілерді  заңсыз алу үшін ақша қаражатын іздестірген. Қаражатты олар шаруа қожалықтары мен микрокредиттік мекемелердің жетекшілеріне қарақшылық жасау жолымен алуды көздеген.
Тінту жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құралдардың химиялық компоненттері, зақым келтіретін элементтер, экстремисттік әдебиеттер алынды.
Қазіргі уақытта барлық тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256 ерроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257 еррористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде
Сонымен қатар, Интернет арқылы таралып жатқан террористік және экстремисттік идеологияның ықпалымен Ақтөбе облысында 11 адамнан тұратын топ радикалданды (С.Кудайбергенов, А.Жалгас, Ә.Жалгас, Саркулов, Балтабаев, Сейткали, Бисенгали, Сабитов, Есенгулов, Еменов, Досов).
Аталған азаматтар «қасиетті соғысқа» дайындық жүргізген, өз айналасында радикалдық идеяларды белсенді насихаттаған, шетелдегі террористермен байланысқа шығуды жоспарлаған. Сонымен қатар өз араларынан жетекші сайлаған.
29 тамызда жүргізілген оларды ұстау барысында құқық қорғау органдарының қызметкеріне шабуыл жасауға, оның ішінде өзін-өзі жару арқылы, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей аумағында террористтік актілерге жол берілмеді.
Номері өшірілген 16 колибрлі екі мылтық, оқ-дәрілер, тапанша, Калашников автоматының муляжы, халықаралық террористік ұйымдардың символикасы және экстремистік материалдар алынды.
Қақақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 леуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256 (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 257 еррористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) баптары бойынша соталды тергеу шаралары жүргізілуде.
Осы өңірде, 30 тамызда өнеркәсіптік жарылғыш заттарды сатып алуы кезінде бұрын сотталған дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі ұсталды. Салмағы 3 киллограм жарылғыш зат алынды.
Жалпы айтқанда 2016 жылы ұлттық қауіпсіздік органдары материалдары негізінде террористік және экстремисттік қылмыс жасағаны үшін 57 радикалды тұлға сотталды.
Сонымен қатар, 5 маусымда Актөбе қаласында болған террористік шабуылдардың фактісі бойынша қосымша ақпарат жеткізгім келеді.
Қылмыстық істі тергеу аяқталды. Істің материалдары танысу үшін жолданды.
Жалпы бір өндіріске біріктірілген 77 қылмыстық іс қозғалды.
21 фигурант қамауға алынды. Бас тартқандардың 10-на және жасырын дем берушілердің 3-не қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқандықтан оларға қатысты қорғау шаралары жүргізілуде.
Іс бойынша 215 сот сараптамасы және 26 зерттеулер тағайындалып, жүргізілді.
Жойылған 18 террористке қатысты олардың өліміне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жерленді.
Облыстық прокуратураның келісімімен тергеу мерзімі және күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі сотпен 4 айға ұзартылды.
Жалпы сотқа 30 күдікті тұлғалар жолданады – 9 террорист, 18 мәлімет бермеушілер, 3 жасырушы. 
Тергеумен келесі қорытынды жасалды, террористік акт ДАИШ ресми өкілі «шейх аль-Аднанидің» идеологиялық ықпалымен және оның ораза айында өз мемлекеттерінде террористтік актілерді жасауға деген үндеуі негізінде, алдын ала дайындықсыз (спонтанды негізде) болды.
 

Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы