Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы еліміздің аумағындағы бірқалыпты («сары») террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 2017 жылғы 15 қаңтарға дейін (қоса санағанда)   созылатыны жөнінде хабардар етеді.
Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылданды.
 
Қазақстан Республикасы
Антитеррор орталығы