Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті («қызыл») террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде хабардар етеді.

     Белгісіз біреулердің Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК Департаменті ғимараттарына шабуыл жасауы негіз болды.

Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады. 

 

Қазақстан Республикасы

Антитеррор орталығы