Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2016 жылғы 16 шілдеден еліміздің барлық аумағында бірқалыпты («сары») террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 30 тәулікке созылатыны жөнінде хабардар етеді.

   Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады. 

ҚР Антитеррор орталығы