26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террористік актті жоспарлаған радикалды топ іс-қимылының жолы кесілді.
      Гүлшат ауылында қылмыскерлерді ұстау барысында террористердің біреуі өз-өзін жарып,  алған жарақаттардан көз жұмды. Басқа құрбандар мен зардап шекендер жоқ.
     Топтың басқа мүшелері ұсталды. Жарылғыш құрылғы құрауыштары, дәрімен атылатын қару және өзге заттай айғақтар алынды.
    Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
      
      
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі