12 маусымда Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы террористер тобын залалсыздандыру террорға қарсы операциясын аяқтады.
       9  қылмыскер ұсталып, 18-нің  көзі жойылды.
       Террористер ұрлаған барлық 23 бірлік дәрімен атылатын қару табылып, тәркіленді.
       Террористер жасаған қылмыс бойынша қозғалған 25 қылмыстық іс бір өндіріске топтастырылды.
       Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы терроризм актісін іске асыру идеясының туу уақытынан оны жүзеге асыру кезіне дейінгі барлық жағдайды тексеруді жалғастыруда. 
       Тұтқындалғандар олардың қылмыстық іс-әрекетін әшкерелейтін түсінік беруде.
       Бастапқы мәлімет бойынша террористер дәрімен атылатын қаруды қолға түсіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік органдарының әкімшілік  ғимараттары мен түзету мекемелеріне шабуыл жасамақшы болған. 
       Ақтөбе облыстық жедел штабы, ҰҚК «Арыстан», Ұлттық гвардия «Бүркіт», ІІМ «Арлан» арнайы жасақ бөлімшелерінің дер кезінде әрекет етуі мен кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде қылмыстық ой-ниеттің жолы кесілді.
       Еліміздің өзге өңірлерінен Республикалық жедел штабы резервіне кіретін күштер мен құралдардың шұғыл жеткізілуі қамтамасыз етілді.
       Мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуінің сапалы деңгейі террористік топ мүшелерін қысқа мерзімде іздеу, ұстау және жоюға мүмкіндік туғызды.
       Осыған орай ҰҚК Төрағасы, Республикалық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жетекшісі генерал-лейтенант    В.З. Жұмақановтың шешімімен Ақтөбе қаласындағы террористік қауіптіліктің деңгейі шектіден («қызылдан») бірқалыпты («сары»)  деңгейіне төмендетілді. 
       Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығының басшылығы террористердің қолынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
       Ақтөбедегі оқиға арнаулы және құқық қорғау органдары әрекеттеріне тұрғындар тарапынан жоғары қолғабыс пен  террористік қауіп-қатер алдында елдің бірлігін көрсетті. 
       Антитеррор орталығы қылмыскерлерді іздеу мен ұстауға қолғабыс еткен Ақтөбе және Ақтөбе облысының барлық тұрғындарына алғыс білдіреді және еліміздегі жағдайды тұрақсыздандырудың қандай да бір әрекеттерінің қатаң және дер кезінде жолы кесілетіндігін мәлімдейді.


Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі