Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы іздеудегі террористерді ұстау нәтижелері бойынша қосымша хабарлайды.
         Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жүргізген іс-шаралар нәтижесінде қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов – Пушкин көшелері қиылысы аумағында болуы ықтимал деген ақпарат алынды.  Тексеру барысында ақпарат расталды.
         Қабылданған шаралармен Б. Қуанышбаев, А. Таңатаров және         А. Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекет ету барысында аяғына оқ тиіп жараланды.
         Терроризмге қарсы іс-қимыл аясындағы заңнамаға және террорға қарсы операция режиміне сәйкес Жаманқұлов көшесіндегі № 15 тұрғын үйде фильтрациялық іс-шаралар жүргізілді.
Террористерден 5 маусымда «Паллада» магазинінен ұрланған  2 қару алынды.
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі