Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы күшімен іздеудегі қылмыстық топтың залалсыздандырылғаны жөнінде хабарлайды. 

 Жедел-іздеу іс-шаралары нәтижесінде террористердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде тұрғандығы анықталды.

   ҰҚК және ІІД арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен террористер тұрған пәтер қоршауға алынып, блокадаланды. Қауіпсіздік шараларын қадағалай отырып, тұрғындарды эвакуациялау қамтамасыз етілді.

   Келіссөз барысында террористер өз еркімен берілуден бас тартып, оқ атты. Оларға қаруларын тапсыруға жасалған келесі әрекеттер де нәтиже бермеді. Арнайы мақсаттағы күштермен жүргізілген шабуылда пәтерде болған 4 террористтің көзі жойылды. 

   Бейбіт тұрғындар мен күштік құрылымдар қызметкерлері  арасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

   Сол уақытта Мясоедова және Арынов көшесі қиылысында террористердің сыбайласы тегіс оқпанды қарудан полиция патрулі экипажына оқ жаудырып, қарсы оқпен залалсыздандырылды. Екі қызметкер жеңіл жарақат алды.

   Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-шараларды қалған қылмыскерлерді іздестіру, олардың байланыстары мен ықтимал сыбайластарын анықтауды жалғастыруда.

 Террорға қарсы операцияның аяқталғаны жөнінде қосымша хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі