ҚР Антитеррор орталығы ү.ж. 10 маусымда  Ақтөбе облысының  терроризмге қарсы күрес жедел штабы Ақтөбе қаласында терроризм актісін жасауға қатысқан адамдарды ұстау бойынша операция жүргізіліп жатқанын мәлімдейді.

         Өз еркімен берілу ұсынысына террористер қарумен қарсыласты. Іс-шаралар жалғасуда, нәтижелері жайлы қосымша хабарланады.

Күштік әрекеттерді жүргізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

 

Қазақстан Республикасының Антитеррор орталығы