8 маусымда таңертең ҰҚК мен ІІМ кезекшілік қызметтеріне Ақтөбе қаласындағы балалар лагеріне оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тегіс оқпанды қарудан жасалған атыс автокөліктен күзет жаққа және жақын маңда тұрған полицияның патрульдік машинасына бағытталған тәрізді.

Ақпарат кідірместен  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына жеткізіліп,  ҰҚК бөлімшелеріне  тиісті өкімдер берілді.

Мемлекет басшысына ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов баяндаған кезде атыс жайлы хабар өзекті және тексерілу үстінде еді. Бұл жайлы Президент Н.Ә. Назарбаевқа  арнаулы қызметтің басшысы баяндады.

Бұдан кейін  ІІМ органдарымен  бірлесе жүргізген жедел-іздеу іс-шаралары нәтижесі бойынша балалар лагеріне оқ атылғаны туралы деректер расталмады.

ҰҚК баспасөз қызметі жүргізіліп жатқан террорға қарсы операция шеңберінде барлық күштік бөлімшелердің жұмысын үйлестіру мен басшылықты жүзеге асырушы Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жаңа күштік акциялардың туындау қаупі мүмкіндігі бойынша және іздеудегі қылмыскерлердің тұрағы жөнінде қандай да болмасын ақпараттар мен хабарламалар тексерілуде екендігін мәлімдейді. Жедел әрекет етудің басқа да қажетті шаралары жасалуда.

Бүгінгі күні Ақтөбедегі және елдің басқа да аумақтарында жағдай қалыпты және бақылауда. Террористік қауіптіліктің «сары» деңгейінде қарастырылған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

ҰҚК баспасөз қызметі жағдайдың өзгеруі және ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізіп жатқан іс-шаралар нәтижесі бойынша хабардар етіп отырады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі