3 маусымда электронды БАҚ-да жеке басын байыту мақсатында бірнеше қылмыс жасаған ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің үш қызметкерінің сотталғандығы жөнінде ақпарат пайда болды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған тұлғалардың жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Комитеттің жеке қауіпсіздік бөлімшесімен ұсталғандығын хабарлайды.

2016 жылғы 30 мамырда Ақтау қалалық сотымен сотталушылар кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзету колониясында 5 жылдан 7,5 жылға дейін жазасын өтеуге кесілді. 

ҰҚК баспасөз қызметі