2016 жылғы 1 маусымда Informburo.kz сайтында Астана қаласы теміржол вокзалы перронымен мемлекеттік нөмірі Z433NS автокөлікпен жүріп өткен ҰҚК қызметкеріне қатысты материал жарияланды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған транспорт құралы «Арыстан» қызметіне тиесілі екендігін және 2016 жылғы 31 мамырда қызметтік қажеттілікке байланысты платформада болғандығын хабарлайды. Ол жерде жүруге рұқсат «Вокзал-қызмет» АҚ-мен белгіленген тәртіпте келісілген. 

Автокөліктің рұқсат етілген жылдамдықты бұзу фактісі тіркелмеген, азаматтардың өміріне және денсаулығына қандай да бір қауіп төндірмеген. 

ҰҚК баспасөз қызметі