Алқада ұлттық қауіпсіздік органдарының 2015 жылғы жедел-қызметтік іс-қимыл нәтижелері қорытындыланды.
Келесі жылға басты басымдықтар мен міндеттер, соның ішінде Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету белгіленді.
Осы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев келіп, Н.Ә.Әбіқаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҰҚК Төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Төрағаны – бұған дейін ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болған ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Владимир Зейноллаұлы Жұмақановты таныстырды.  
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірқатар нақты тапсырмалар берді.