10 желтоқсанда Астанада ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының он төртінші отырысын өткізді.
Консультативтік-кеңесші органның жұмысына ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Б. Ермекбаев, Бас прокурор А.Қ. Дауылбаев, министрліктер мен ведомстволардың басшылары қатысты.
Отырыста адамдар көп жиналатын орындардың, сондай-ақ аса маңызды объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын одан әрі күшейту шаралары талқыланды. Осы мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бағыттары айқындалды.
Терроризмге қарсы орталықтың 2015 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды. Терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының жалпымемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру қадамдары белгіленді.   

 ҚР ҰҚК баспасөз қызметі