Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты терроризмді насихаттағандығы үшін айыпталушы үш астана тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады.
2015 жылдың 23 қарашасында жарияланған үкімге сәйкес, қылмысқа қатысушылар жеке мүліктері тәркіленуімен ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді.
Сотталғандар Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының қатарына кіруге үндеу арқылы радикалды діни идеологияны насихаттаған.