2015 жылғы 14 – 16 қазан аралығында Қытай Халық Республикасының аумағында ШЫҰ ӨТҚҚ АК үйлестіру ролімен терроризмге қарсы тұру бойынша бірінші бірлескен «Сямынь-2015» штабтық оқу-жаттығу өтуде.

Іс-шараға ШЫҰ мүше мемлекеттер құзыретті органдарының делегациялары қатысады.

Интернет желісінде террористік және экстремистік сыңаржақ іс-әрекетті айқындау, алдын алу және жолын кесу бойынша тараптардың әрекеттесу тетіктерін жетілдіру оқудың негізгі мақсаты болып табылады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі