ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті 2015 жылғы 30 қыркүйекте сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде Қылмыстық кодекстің 256-бабында көзделген қылмыс нышаны бойынша (терроризмді насихаттау немесе терроризм актін жасауға жария түрде шақыру) радикалды діни ағымды жақтаушы іс-әрекетінің жолы кесілді.
    Сотқа дейінгі іс жүргізуге және ұстауға аталған тұлғаның Интернеттің әлеуметтік желілерінде діни-экстремистік сипаттағы материалдарды белсенді түрде таратуы, сондай-ақ «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының іс-әрекетін насихаттағандығы туралы мәліметтер негіз болды.
   Ұсталған тұлға Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
            Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
 
 
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі