Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығы

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының

нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 және «Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң

2011 жылғы 30 қыркүйектегi № 155 жарлықтарына өзгерістер

енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары туралы» 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-құжат; 2002 ж., № 16, 169-құжат; 2011 ж., № 55, 783-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туының сипаттамасы мен бейнесі осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының сипаттамасы мен бейнесі осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 30 қыркүйектегi № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі және сипаттамаларында:

«Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрi – Сипаттамалар)» деген 2-бөлімінде:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң медальдары» деген бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

  «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң медальдары

«Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi»

(14-қосымша)

 «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» медалi диаметрi 34 мм күмiс түстi металл шеңберден тұрады. Медальді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.

Шеңбердің ортасында күміс түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтырақ.

Жұлдыздың ортасында – диаметрі 20 мм күміс қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм айшықты шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Кішкентай қалқанды айналдыра мемлекеттік тілде: «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АРДАГЕРІ» деген жазу орналасқан.

Белгідегі барлық бөлшектер мен жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Медальдің бедері жылтырақ.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы енi 3 мм көк түстi екi жолақшасы бар сұр түстi жiбек қатқыл лентамен тысталған 44 х 32 мм көлемдегi алты бұрышты тағанға бекiтiледi. Жолақшалардың арасы 8 мм, тағанның шеттерi мен жолақшалардың арасы – 9 мм-ден.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 I дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн»

(15-қосымша)

 I дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн» медалi жезден дайындалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.

Медальдiң бет жағында қызыл түстi, тегiс екi қырлы сәулесi бар бес бұрышты жұлдыз, алтын түстi күн мен қалықтаған қыран, төменгi жағында қызыл түстi «XX» рим цифры және алтын түстi емен мен лавр бұтақтарының өрiмi орналасқан. Медальдiң төменгi шетi ою-өрнекпен өрнектелген, жиектiң iшкi жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай «MIHCIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Медальдiң бедерi жылтырақ.

Медальдiң сыртқы жағында жоғарғы бөлiгiнде «I» рим цифры орналасқан. Ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРIНДЕГI МIНСIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жiбек қатқыл лентамен тысталған енi 33 мм және биiктiгi 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында арасында енi 7 мм қызыл жолақшасы бар енi 5 мм екi сары жолақша орналасады.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 II дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн»

(16-қосымша)

 II дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн» медалi мельхиордан дайындалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.

Медальдiң бет жағында қызыл түстi, тегiс екi қырлы сәулесi бар бес бұрышты жұлдыз, күмiс түстi күн мен қалықтаған қыран, төменгi жағында қызыл түстi «XV» рим цифры және күмiс түстi емен мен лавр бұтақтарының өрiмi орналасқан. Медальдiң төменгi шетi ою-өрнекпен өрнектелген, жиектiң iшкi жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай «МIНСIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Медальдiң бедерi жылтырақ.

Медальдiң сыртқы жағында жоғары бөлiгiнде «II» рим цифры орналасқан. Ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРIНДЕГI МIНСIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жiбек қатқыл лентамен тысталған енi 33 мм және биiктiгi 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның шеттерiнде енi 8 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортасындағысы 3 мм үш сары жолақшамен кезек жүргiзiлген енi 3 мм екi қызыл жолақша орналасады.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 III дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн»

(17-қосымша)

III дәрежелi «Мiнсiз қызметi үшiн» медалi мельхиордан дайындалады және диаметрi 34 мм шеңбер нысанында болады.

Медальдiң бет жағында қызыл түстi, тегiс екi қырлы сәулесi бар бес бұрышты жұлдыз, күмiс түстi күн мен қалықтаған қыран, төменгi жағында қызыл түстi «X» рим цифры және күмiс түстi емен мен лавр бұтақтарының өрiмi орналасқан. Медальдiң төменгi шетi ою-өрнекпен өрнектелген, жиектiң iшкi жағын бойлай қылыш, жоғарғы жағын бойлай «МIНСIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан. Медальдiң бедерi жылтырақ.

Медальдiң сыртқы жағында жоғары бөлiгiнде «III» рим цифры орналасқан. Ортасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРIНДЕГI MIHCIЗ ҚЫЗМЕТI ҮШIН» деген жазу орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль шеттерi ернеумен жиектелген.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жiбек қатқыл лентамен тысталған енi 33 мм, биiктiгi 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның шеттерiн бойлай енi 8 мм көгiлдiр жолақтар орналасады, лентаның ортасында шеткiлерiнiң енi 4 мм, ортасындағылары 3 мм төрт сары жолақшамен кезек жүргiзiлген енi 1 мм үш қызыл жолақша орналасады.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн»

(18-қосымша)

 «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн» медалi диаметрi  34 мм алтын (сары) түстi металл шеңберден тұрады. Медальдің айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.

Шеңбердің ортасында алтын (сары) түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтырақ.

Жұлдыздың ортасында – диаметрі 20 мм, көктікен (көк) түсті эмаль құйылған қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Қалқанды айналдыра мемлекеттік тілде: «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Медальдің бедері жылтырақ.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 44 х 32 мм, алтын (сары) түстес екi жолақшасы бар көктiкен (көк) түстi жiбек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi. Жолақшалардың енi 3 мм. Жолақшалардың аралығы 8 мм, таған шетi мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгi бөлiгi құлақшадан оңға және солға қарай бiрдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерiлген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесi үшiн»
(19-қосымша)

 «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесi үшiн» медалi диаметрi 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медальдi айналдыра биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм шығыңқы ернеуi бар.

Медальдiң бет жағы алтын (сары) түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 26 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтырақ.

Жұлдыздың ортасында диаметрі 16 мм жер жарты шарының айшықты атласты картасы орналасқан. Жер жарты шары аясында достық қол алысу бейнеленген.

Медальдің жоғарғы ішкі ернеуін айналдыра «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу жазылған. Медальдің бедері жылтырақ.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын (сары) түстес.

Медальдiң сыртқы жағында алтын (сары) түсті бет жағы жылтыр  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 44 х 32 мм көктікен (көк) түстес жiбек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi. Лентаның шеттерiн бойлай енi 4 мм көгiлдiр жолақтар орналасқан, лентаның ортасында енi 4 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалар арасындағы арақашықтық – 8мм, шет жағынан – 2 мм-ден.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 I дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны»

(20-қосымша)

 I дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны» медалi диаметрi 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медальдi айналдыра биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм шығыңқы ернеуi бар.

Медальдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Қалқанды бойлай  «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Медаль бетінің бедері жылтырақ.

Медальдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан.

Дестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген.

Дестенің төменгі бөлігінде «XX» рим цифры бар лента орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын (сары) түсті.

Медальдiң сыртқы жағында күңгірт алтын (сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «І» рим цифры орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 44 х 32 мм көктікен түстi жiбек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi.

Лентаның шетiнде енi 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында енi 2 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12 мм.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

 II дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны»

(21-қосымша)

 ІI дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны» медалi диаметрi 34 мм күміс (сұр) түсті металл шеңберден тұрады. Медальдi айналдыра биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм шығыңқы ернеуi бар.

Медальдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Медаль бетінің бедері жылтырақ.

Медальдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан.

Дестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген.

Дестенің төменгі бөлігінде «XV» рим цифры бар лента орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, күміс (сұр) түсті.

Медальдiң сыртқы жағында күңгірт күміс (сұр) түсті бет жағы жылтыр  «ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «ІІ» рим цифры орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 44 х 32 мм көктікен түстi жiбек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi.

Лентаның шетiнде енi 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында енi 2 мм 2 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.

III дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны» (22-қосымша)

ІІI дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны» медалi диаметрi 34 мм қола (қызғылт сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медальдi айналдыра биiктiгi 1 мм және енi 1,5 мм шығыңқы ернеуi бар.

Медальдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Медаль бетінің бедері жылтырақ.

Медальдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған десте орналасқан.

Дестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген.

Дестенің төменгі бөлігінде «X» рим цифры бар лента орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, қола (қызғылт сары) түсті.

Медальдiң сыртқы жағында күңгірт қола (қызғылт сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «ІІІ» рим цифры орналасқан.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемi 44 х 32 мм көктікен түстi жiбек қатқыл лентамен тысталған алты бұрышты тағанға бекiтiледi.

Лентаның шетiнде енi 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, лентаның ортасында енi 2 мм 3 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.

Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiш арқылы бекiтiледi.»;

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары сипаттамаларына 14, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшалар осы Жарлыққа 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төсбелгілері» деген бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төсбелгілері

 «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері»

(86-қосымша)

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» деген төсбелгі символиканың ортаңғы эмблемасыннан – әрқайсысының жеті шұғыласы бар, екі алтын (сары) негіздегі шұғылалы күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәулелердің эмалімен боялған жеті ұшты айшықты жұлдыздан тұрады. Астыңғы негіздемесі – доғал сәулелі, үстіңгі негіздемесі – өткір сегіз қырлы сәулелі. Белгінің диаметр көлемі алтын негізді ұштары бойынша – 45 мм.

Жақұтты жұлдыздың ортасында қондырма бөлшектер – құрыш түсті қылыш (42 мм) және алтын (сары) түсті және көктікен (көк) түсті екі шеңберлі кіші қалқан (диаметрі 25 мм) орналасқан.

Қалқанның алтын (сары) жиекпен көмкерілген сыртқы алтын (сары) түсті  шеңберін (диаметрі 25 мм) бойлай «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Қалқанның алтын (сары) жиекпен көмкерілген ішкі көктікен (көк) түсті шеңберін (диаметрі 18 мм) бойлай «ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕР» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

 Қалқанның ортасында жапсырмалы бөлшек – көгілдір (көк) эмаль құйылған алтын (сары) түсті айшықталған шаңырақ (диаметрі 12 мм) бейнесі орналасқан.

Белгінің беті жылтыр.

Белгінің сыртқы жағында оның реттік нөмірі орналасады.

Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

 І дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі»

(87-қосымша)

 I дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үздiгi» төсбелгiсi жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен боялған айшықты жеті ұшты жұлдыздан тұрады. Белгінің алтын негізді ұштары бойынша диаметрі 37 мм.

Жақұтты жұлдыздың ортасында қондырма бөлшек – алтын (сары) түсті және көктікен (көк) түсті екі шеңберлі кіші қалқан (диаметрі 20 мм) орналасқан.

Қалқанның алтын (сары) жиекпен көмкерілген сыртқы алтын (сары) түсті  шеңберін (диаметрі 20 мм) бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Қалқанның ортасында қондырма бөлшек – көгілдір (көк) эмаль құйылған алтын (сары) түсті айшықталған шаңырақ (диаметрі 11 мм) бейнесі орналасқан.

Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.

ІІ дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі»

(88-қосымша)

 IІ дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үздiгi» төсбелгiсi жеті доғал шұғыласы бар, күміс (сұр) негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен боялған айшықты жеті ұшты жұлдыздан тұрады. Белгінің күміс негізді ұштары бойынша диаметрі 37 мм.

Жақұтты жұлдыздың ортасында қондырма бөлшек – күміс (сұр) түсті және көктікен (көк) түсті екі шеңберлі кіші қалқан (диаметрі 20 мм) орналасқан.

Қалқанның күміс (сұр) жиекпен көмкерілген сыртқы күміс (сұр) түсті шеңберін (диаметрі 20 мм) бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ҮЗДІГІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Қалқанның ортасында қондырма бөлшек – көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті айшықталған шаңырақ (диаметрі 11 мм) бейнесі орналасқан.

Белгі киімге бұранда арқылы бекітіледі.»;

Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары сипаттамаларына 86, 87 және 88-қосымшалар осы Жарлыққа 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпенен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесi үшiн» медалiмен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi, судьялар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ басқа да адамдар және басқа мемлекеттердiң азаматтары адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы тату көршiлiк қатынастарды нығайту саласында шетелдiк құқық қорғау және ұқсас функцияларды орындайтын өзге де органдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда сiңiрген еңбегi үшiн марапатталады.»;

31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«31. «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» медалiмен ұзақ жылғы және жемiстi жұмысы үшiн қызметi бойынша оң мiнездемеге ие және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарында жалпы еңбек сiңiрген 25 және одан да көп күнтiзбелiк жыл болатын Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi марапатталады.

32. «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн» медалiмен:

жеке адам мен қоғамның қауiпсiздiгiн, конституциялық құрылысты, мемлекеттiк егемендiктi, аумақтық тұтастықты, мемлекеттiң экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуде жедел-қызметтiк iс-қимылды шебер ұйымдастырғаны; Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiнiң мүдделерiн қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның iшiнде тергеудi) табысты ұйымдастырғаны, өткiзгенi және iске асырғаны; үкiметтiк байланыспен сенiмдi қамтамасыз еткенi; күрделi арнайы техникалық iс-шараларды кәсiби өткiзгенi; республиканың қауiпсiздiк органдары үшiн жоғары бiлiктi кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны; ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердегi жетiстiктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының жедел-қызметтiк жұмысын қамтамасыз еткендiгi үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi;

Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi мiндеттердi шешуге қосқан үлесi және оны iске асыруға жәрдемдескенi үшiн Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң азаматтары марапатталады.

33. «Ұлттық қауiпсiздiк қалқаны» медалiмен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi жедел-қызметтiк iс-қимылда қол жеткiзген оң нәтижелерi, қызметтiк мiндеттерiн адал орындағаны, мiнсiз әскери тәртiбi үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері марапатталады.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» медалiмен:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды ұстау кезiнде диверсиялық-барлау топтарына қарсы болған ұрыс қимылдарында көрсеткен ерлiгi мен қайсарлығы; Қазақстан Республикасының шекарасына қол сұқпаушылықты қорғау барысында шекара нарядының ұрыс қимылдарына шебер басшылық жасағаны; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды ұстау кезiнде аса қырағылығы және бастамашылық iс-қимылы; мемлекеттiк шекараны нығайтудағы қызметтi ұйымдастырудағы шеберлiгi және үлгiлi жұмысы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетуде мiнсiз қызмет атқарғаны; Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн оқыту мен тәрбиелеуде сiңiрген еңбегi үшiн Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын нығайтуға қосқан үлесi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудегi Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдеріне олардың қызметтiк-жауынгерлiк әрекеттерiнде белсендi көмек көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң азаматтары марапатталады.»;

59, 60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«59. «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен:

Қазақстан Республикасы ұлттық (мемлекеттiк) қауiпсiздiк органдарында, күнтiзбелiк есептеуде кемiнде 20 жыл қызмет атқарған қызметкерлер мен әскери қызметшiлер жедел-қызметтiк iс-қимылда, әскери және кәсiби дайындықта жеткен нәтижелерi, жедел және жауынгерлiк тапсырмаларды үздiк орындап, бұл орайда көрсеткен бастамашылдығы мен табандылығы үшiн; кадрларды тәрбиелеу мен оқытуда, әскери тәртiптi нығайтуда жеткен жетiстiктерi үшiн;

шет мемлекеттердiң арнаулы органдарының басшылары мен қызметкерлерi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшiн марапатталады.

60. «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелерінің әскери қызметшiлері жұмыстағы үздік көрсеткiштерi үшiн, барлау не қарсы барлау, жедел, жедел-iздестiру, тергеу, ақпараттық-талдау қызметiн, инспекторлық және бақылау функцияларын, кадрмен, құқықтық, медициналық, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз етудi, халықаралық ынтымақтастықты,

жұмылдыру дайындығын, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн, оқу-әдiстемелiк жұмыстарды тiкелей ұйымдастыруда және жүзеге асыруда нақты оң нәтижелерге қол жеткiзгенi, осы орайда шығармашылық, бастамашылық және табандылық танытқаны үшiн марапатталады.

61. «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздігі» төсбелгiсi екi дәрежеден тұрады:

1) ұлттық қауiпсiздiк органдары аға офицерлiк құрамының қызметкерлері мен әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелерінің әскери қызметшiлерiн марапаттау үшiн – I дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үздiгi» төсбелгiсi;

2) ұлттық қауiпсiздiк органдары кіші офицерлiк және сержанттық құрамының қызметкерлері мен әскери қарсы барлау және әскери полиция бөлімшелерінің әскери қызметшiлерiн марапаттау үшiн – II дәрежелi «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң үздiгi» төсбелгiсi.

62. «Құрметтi шекарашы» төсбелгiсiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғаудағы, жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегi, жауынгерлiк дайындықты және әскери тәртiптi нығайтудағы сiңiрген еңбегi үшiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды қамтамасыз етудегi үлесi үшiн және бұл орайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сондай-ақ Шекара қызметiнде күнтiзбелiк есептеуде кемiнде 20 жылдан аса қызмет атқарған Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi марапатталады».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

      Президентi                                                                               Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 14 қыркүйек

                             377

Артқа