Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары рәміздерінің бейнесін қолдану және шығару бойынша әдістемелік ұсынымдар

                                           Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары
 рәміздерінің бейнесін қолдану және шығару бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
 
 
1.     Жалпы ережелер
 
 
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары рәміздерінің бейнесін қолдану және шығару бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік  ұсынымдар)  рәміздер  мен олардың бейнелерін пайдалану, орналастыру, дайындау және сериялы шығару тәртібін нақтылайды.
         2. Әдістемелік ұсынымдарда  мынадай  анықтамалар қолданылады:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы –ортасында ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының  негізгі элементтері  алтын  (сары) түстес – айшықты жеті бұрышты  жұлдыз және шаңырағы бар кіші қалқан бейнеленген тік бұрышты  көктікен (көк) түсті мата, ұлттық қауіпсіздік органдарына тиесілі рәміз (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының 
эмблемасы – құрамды элементтерден – негізгі дөңгелек қалқан (сыртқы жаудан қорғау), қос жеті бұрышты жұлдыз (сенім мен үміт) және шаңырағы бар кіші қалқан (халықтар бірлігі) мағыналық маңызы бар бейнелі сипат (2-қосымша);
3) бейне – кескіндеменің мүмкін құралдарымен жазықтықта немесе көлемде жасалған түпнұсқа  (ұқсастық);
4) виртуалды бейне – арнайы бағдарламамен жасалған  бейненің немесе материалдық нысанның компьютерлік моделі;
5) жеңілдетілген бейне – ұсақ бөлшектер мен түс реңктерін сақтамай жасалған ең кіші мөлшерде танылатын түпнұсқа сипаты;
6) жазықтық – екі өлшем – ұзындығы және ені бар, екі өлшемді кеңістіктің геометриялық моделі;
7) көлемі – үш өлшем – биіктігі, ені және тереңдігі бар үш өлшемді кеңістіктің геометриялық моделі;
8) графика – нүктелер, сызықтар, штрихтар және таңбалар негізінде жасалған жазықтық немесе көлемді бейне түрі;
9) компьютерлік (машиналық) графика – ақпаратты материалдық тасымалдаушыда нақты бейнені алу мақсатында сандық белгілермен ақпаратты салу үшін  нақты сипатты бағдарламалық өңдеу;
10)  сызба – түсі бойынша қарама-қарсы орындалған, фоннан  контурлық сызықтарды түспен боямай, графика құралдарымен жасалған нүктелер, сызықтар мен штрихтар негізіндегі жазықтық немесе көлемді бейне түрі;
11) сурет –бір түсті немесе түрлі-түсті графикамен, не болмаса кескіндеме құралдарымен, яғни   жазықтық бетіне көркемдік бояу жағу жолымен жасалған сызықтар, түстер және реңктер негізіндегі жазықтық немесе көлемді бейне түрі;
12) мөртабан – ашық боялмаған кеңістіктің негізгі түсін сақтайтын, үстіңгі бетіне мөр нысанының (биік мөр) боялған шығыңқы бөлігінде өрнек салу арқылы  алынған бейне түрі;
13) трафарет – ашық боялмаған кеңістіктің негізгі түсін сақтайтын,  алғашқы бейнесін жасау арқылы бояуды жағу немесе тозаңдандыру жолымен  алынған  біртүсті бейненің жеңілдетілген түрі;
14) полиграфиялық принт – көптүсті нүктелі бүрку жолымен арнайы компьютерлік жабдықпен алынған бейне түрі;
15) барельеф – фоннан шығатын  біртүсті шығыңқы бейнесі бар  көлемді нысанның түрі;
16) аппликация – жазықтықтың үстіңгі бетіне (негізгі) әртүрлі материалдардың элементтерінен құралған жазықтық бейненің түрі немесе техникасы;
17) декупаж – композициясы сырмен қапталған аппликацияның көлемді түрі;
18) безендіру – қымбат металдар мен түрлі-түсті тастардан бейне;
19)  композиция – матасқан құрамды элементтер мен бірлік пен тұтастық туындыны беретін  көркемдік нысан;
20) құрылым – біртектес бөлшектерден немесе әртүрлі материалдардан құралған  күрделі көлемді материалдық объект.
 
 
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туын қолдану тәртібі
 
 
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы (бұдан әрі – ту) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін біртұтас рәміз болып табылады.
4.Ұлттық қауіпсіздік органдары туының бейнесі міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары туының бейнесі ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық наградалары мен айырым белгілері үшін геральдикалық негіз ретінде қолданылуы мүмкін.
5. Ұлттық қауіпсіздік органдары туының бейнесін ұлттық қауіпсіздік органдарының тапсырысы бойынша шығарылатын немесе өндірілетін баспа, жарнамалық-ақпараттық және кәдесый өнімдерінде, кино-, бейне- және фотоматериалдарда, сондай-ақ  басқа да материалдық объектілерде қолдануға рұқсат етіледі.
6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының туы міндетті түрде:
1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Төрағасының, аумақтық органдары мен ведомстволарының бірінші басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріндегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми өкілдерінің  кабинеттерінде;
2) отырыс залдарында, мемлекеттік, үкіметтік және ведомстволық наградалар тапсырылатын залдарда, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде акт залдарында, тарихи-көрсету залдарында, спорттық ареналарда;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы   бортта болған кезде Шекара қызметінің тиесілі теңіз кемелерінде;
4) жеке құрам сапқа тұрған орындарда ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;
5) ұлттық қауіпсіздік органдары жоғары оқу орындарының алаңында тыңдаушылар және курсанттарды шығару, оқу жылының ашылу және аяқталу рәсімдері кезінде көтеріледі.
7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының туы ұлттық аза тұтуға байланысты аза тұту мерзімі аралығында тутұғыр биіктігінен жартысына дейін төмен түсіріледі.
Ашық кеңістікте өткізілетін іс-шаралар кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының туы тутұғырға көтерілуі мүмкін, орын-жайларда ұштығы бар ту байлайтын ағаш сапқа бекітіледі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы анықтайтын  ерекше жағдайларда үш адамнан: ту ұстаушы және екі ассистенттен тұратын ту ұстаушы топпен ұлттық қауіпсіздік органдарының туы енгізу және шығару рәсімдерінде қолданылады, топ:.
Мемлекеттік және ведомстволық рәміздерді бір мезгілде қолданған кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының туы оң жақтан көтеріледі (орналастырылады) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туынан биік болмауы тиіс.
Шетел арнаулы қызметтерінің немесе өзге де республикалық қуатты ведомстволардың туларын бір мезгілде қолданған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауы тиіс, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдарының туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.
 
 
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасын қолдану тәртібі
 
8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы (бұдан әрі – эмблема) ұлттық қауіпсіздік органдары үшін біртұтас рәмізболып табылады.
9. Ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының бейнесі міндетті түрде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми басылымдарында орналастыру үшін  қолданылады.
10. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің эмблемасы:
1) ведомстволық наградаларының, марапаттау қаруының, айырым белгілерінің геральдикалық негізі ретінде;
2) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің нысанды киімдерінің айырым белгілерінде;
3) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің спорттық командаларының керек-жарақтарында және нысанды киімдерінде қолданылуы мүмкін.
11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті эмблемасының бейнесі ұлттық қауіпсіздік органдарына тиесілі арнайы автомобиль түрлерінде, әуе және теңіз көліктерінде танымдық белгі ретінде қолданылуы мүмкін.
12. Ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының бейнесін ұлттық қауіпсіздік органдарының тапсырысы бойынша шығарылатын немесе өндірілетін баспа, жарнамалық-ақпараттық және кәдесый өнімдерінде, кино-, бейне- және фотоматериалдарда қолдануға рұқсат етіледі.
Ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының бейнесін өзге де  материалдық объектілерде қолдануға рұқсат етіледі.
13. Ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы:
1) Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас әкімшілік ғимаратының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволары мен аумақтық органдарының вестибюльдерінде;
2) Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Төрағасының, Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті  аумақтық органдары мен ведомстволары бірінші басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми өкілдерінің  кабинеттерінде;
3) отырыс залдарында, мемлекеттік, үкіметтік және ведомстволық наградалар тапсырылатын залдарда, ресми қабылдау залдарында, ведомстволық іс-шараларды өткізу кезінде акт залдарында, тарихи-көрсету залдарында міндетті түрде орналастырылады (орнатылады).
14. Мемлекеттік және ведомстволық рәміздерді бір мезгілде қолданған кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан төмен орналастырылады (орнатылады), сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының көлемі Мемлекеттік Елтаңбаның көлемінен аспауы тиіс.
Шетел арнаулы қызметтерінің немесе өзге де республикалық қуатты ведомстволарының эмблемаларын бір мезгілде қолданған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының көлемі басқа эмблемалардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
 
 
4. Туды шығарудың техникалық шарттары
(оны тігу және  бекіту)
 
 
15. Ту матасын пішу ұзындығынан матаның негізі бойынша жасалады. Ту тұтас пішіліп, тігіледі.
16. Ту  ашық кеңістікте және хаттамалық іс-шараларда орнатуға арналған,  беттерінің арақатынасы 2:3 (халықаралық стандарт) болады, жыртылуға төзімділігі және тозуға беріктігі бойынша жоғары сипаты бар біртұтас «политекс» синтетикалық матадан дайындалады. Тудағы рәміздің бейнесі   түрлі-түсті принтпен жасалады. Ту матасының көлемі 1 м х 1,5 м (3-қосымша).
17. Орын-жайларға орнатуға арналған беттерінің арақатынасы 1:2 (мемлекеттік стандарт) болатын ту тозуға беріктігі жағынан жоғары сипатталатын, «жібек», «габардин» немесе «тафта» тәрізді екі табиғи 2 матадан жасалады. Тудағы нышанның бейнесі матаның екі жағынан тамбурлық техника жолымен жіппен кестелеп тігу немесе тоқыма аппликация жапсырумен жасалады. Ту матасының көлемі  1 м х 2 м (4-қосымша).
18. Мата көктікен түсті реңк бере отырып, көк түске боялады, тудың нышаны  алтын түстес сарыға боялады (кестелеп тігіледі).
Ту матасының көктікен көк түсі «Pantone»: 19-4342 TPX (Seaport) жүйесінің түрлі-түсті  моделіне сәйкес келуі тиіс.
Ту нышанының алтын түстес сары түсі «Pantone»: 15-0955 TPX (Old Gold) жүйесінің түрлі-түсті моделіне сәйкес келуі тиіс.
Ту матасы бояуының беріктігі ашық кеңістікте пайдалану үшін – «ерекше төзімді» және орын-жайларда пайдалану үшін «төзімді» топтардың  нормаларына сәйкес келуі тиіс.
19. Тудың матасы жарықтың түсуіне, оның ішінде жасанды жарық жағдайларына, ауа райына, жууға, құрғақ және дымқыл күйде үйкелуіне, химиялық тазартуға немесе органикалық еріткіштерді пайдаланғанда төзімді болу керек.
Пайдаланылатын баспа түрі ту матасы мен нышанның құйылмай, дақсыз толық боялуын қамтамасыз етуі тиіс. Баспа бояуының қабаты матаның барлық көлемі бойынша барлығына төзімді және біркелкі жағылуы қажет.
20. Тамбурлық техникасын қолдана отырып, туды жасау кезінде нышанды кестелеп тігу алтын металл жалатылған жіппен жасалады. Аппликациялық техниканы пайдалану кезінде суреттің контурлық сызықтары алтын зерлі матадан алтын баумен әдіптеледі. Матаның шеті  ені 3-10 мм жабық қиындымен бүгіліп тігіледі. Тігіс ұшы 10 мм-ден кем емес ұзындықта қосарлы кері тігіспен бекітілуі керек. Қабудың жиілігі – 50 мм  тігіске 15-20.
Тудың шетін кіші көлемді үздіксіз қайырып тігуге, ал синтетикалық жіптерден – еріте отырып ақаусыз жасауға рұқсат етіледі.
Ту матасының шеті сапалы фабрикалық жиектелген кезде өңдемеуге рұқсат етіледі.
Ту матасы мен нышанының түсімен бірдей, матаның құрамына  сәйкес келетін тігін жібімен тігіледі.
Мөлдір капрон жіппен тігуге рұқсат етіледі.
21. Ашық кеңістікте пайдалануға арналған ту шкаторинаның көмегімен тутуғырға бекітіліп дайындалады. Орын-жайларда пайдалануға арналған  ту  қалтаның көмегімен ағашқа орнатылып дайындалады. Қалта мен шкаторина жабық кесіндімен қайып тігіледі. Қалтаның ені жайғанда 100 мм-ден, шкаторина – 30 мм-ден, қалта немесе шкаторина кесіндісін бүгу – 20 мм-ден аспауы тиіс. Қалта мен шкаторинаның ені тудың көлеміне кірмейді.
Орын-жайдың ішінде пайдалануға арналған тудың матасы алтын түстес жіптерден шашақталып көмкеріледі.
22. Тутұғыр күміс түстес металдан жасалады немесе ақ түске боялады. Тутұғырдың биіктігі ашық кеңістіктің, оның ішінде спорт аренасы көлемінің арақатынасымен белгіленеді.
Оның сабы мен фурнитурасы алтын түстес металдан (негізі, бағана, матаны түзеуге арналған  қысқышы бар қапсырма, ұштық) жасалады.
Саптың биіктігі 2400 мм, негізгі бағанның диаметрі – 500 мм-ден, баған диаметрі – 30 мм-ден, ұштықтың биіктігі –  260 мм-ден аспауы тиіс.
23. Туды орын-жайға орнатқан кезде оның матасын түзету үшін сапқа көлденең сопақ түрінде қысқышы бар қапсырма («белдемше») немесе көлденеңінен көлемі 500 мм жарты шеңбер орнату қарастырылады.
Сапқа ұштықтан төмен баулары бар 2 фал және алтын түстес жіптерден шашақ бекітіледі.
24. Хаттамалық іс-шаралар шеңберінде пайдалану үшін эмблемалардың бейнелерін қолдана отырып ту негізіндегі бұйымдар жасауға рұқсат етіледі.
Бұл мақсатта:
1) 13 см х 20 см көлемде вымпел (5-қосымша); 
2) 10 см х 15 см көлеме үстелге қоятын жалауша (6-қосымша); 
3) 14 см х 21 см  немесе 20 см х 30 см көлемде автомобильдік штандарт  (7-қосымша) дайындалады.
25. Штандартты  кіші су көлігінде  пайдалануға рұқсат етіледі.
 
 
5. Эмблеманы шығаруға қойылатын техникалық талаптар
 
 
26. Техникалық әдіспен алуға қарамастан эмблемаларды көлемді  дайындау түсі бойынша эмблеманың эталонына және қызмет ету мерзімдері аралығында  сақтау қасиеттерінің мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
27. Өндіріс кезінде қолданылатын дайындау технологиясы эмблема құрама элементтерінің пропорционалды тәуелділігіне және оның сызықтық көлемі дайындалатын бұйымдардың типтік өлшеміне сәйкес жасалатын геометрияға қойылатын талаптарды қамтамасыз етуі тиіс.
28. Бұйымдардың барлық қырлары  міндетті түрде  айқын жасалуы қажет. Бұйымдардың симметриясының бұзылуына жол берілмейді.
29. Бұйымдардың бетінің жабыны химиялық және механикалық ықпал етуге төзімді болуы тиіс, бөлшектерді жабудың шағылдырғыш қабілетінде айна арқылы берілетін әсерлер болуы тиіс.
30. Белгіленген стандарттардың көлемінен ауытқу белгілі сызықтық көлемдер үшін белгіленген пайыздық арақатынаста рұқсат етіледі:
1) 1 мм-ден 10 мм-ге дейін кемшілік – 10 %,;
2) 10 мм-ден  100 мм-ге дейін – 5 %;
3) 100 мм-ден  250 мм-ге дейін – 3 %;
4) 250 мм-ден 500 мм-ге дейін – 2 %;
5) 500 мм-ден 1000 мм-ге дейін – 1 %.
31. Бұйымдарды үлкен көлемде дайындаған кезде эмблеманың құрама элементтері 5 түспен:
1) қалқанның шеңбері бойынша жиегі –  көктікен реңкті  көк түске;
2) қалқан мен шаңырақтың боялған реңі – көгілдір ақық реңкпен көгілдір түске;
3) жұлдыз негізінде қалқан мен шаңырақтың ернеулері – алтын түстес сарыға;
4)  үстіндегі жұлдыз  – күрең қызыл реңкті қызылға;
5) шрифт – күміс түстес аққа боялады.
32. Бағалы металдармен  бояу «Pantone» Халықаралық түстер атласының жүйесі түстерінің өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс:
1) «Pantone» № 872 Metallic Gold алтын түстес-сары;
2) «Pantone» № 877 Metallic Silver күміс түстес-ақ.
33. Эмблема элементтерін бояу үшін қолданылатын қалған түстер «Oracal» немесе «RAL» Халықаралық түстер атласының жүйесінің түстеріне сәйкес келуі тиіс:
1) көгілдір ақық-көгілдір: «Oracal» 502, «RAL» 6027;
2) лағыл-қызыл: «Oracal» 303, «RAL» 3020;
3) көктікен-көк: «Oracal» 535, «RAL» 5005.
34. Бұйымдар түрінде безендіре отырып эмблеманы жасау кезінде асыл тастар мен металдар пайдаланылады: көгілдір ақық, лағыл, жақұт, алтын және күміс немесе қасиеттері мен түсіне сәйкес келетін басқа да материалдар.
35. Интерьерлік пайдалану үшін эмблеманың көлемі:
1) 1000мм  –  ғимараттардың вестибюліне орнату үшін;
2) 500 мм –Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кабинетіне, алқа мәжіліс залдарында және тарихи-көрсету залдарында (мұражайларда) орнату үшін;
3) 300 мм –Ұлттық қауіпсіздік комитеті  аумақтық органдары мен ведомстволарының бірінші басшыларының, Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріндегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми өкілдерінің кабинеттерінде, сондай-ақ  төралқаның маңдайшасына және акт залдарының мінберлеріне орнату үшін.
36. Эмблема бейнесін 10 мм және одан да кіші диаметрмен кәдесыйларда немесе басқа да бұйымдарда жасаған жағдайда эмблема бейнесінің жеңілдетілген нұсқасын пайдалануы мүмкін.
37. Эмблеманы  (бұйымды) жаңадан жасау түрлері 8-қосымшада  ұсынылды.
38. Эмблема  бейнесінің түрлері 9-қосымшада ұсынылды.
39. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті»  эмблемасы» бұйымының негізгі бөлшектері 10-қосымшада ұсынылды.
40. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті»  эмблемасы» бұйымы элементтерінің негізгі бөлшектері 11-қосымшада ұсынылды.
41. Эмблема мен тудың түстері 12-қосымшада ұсынылды.
42. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті»  эмблемасы» бұйымының бөлшектік құрылымының сызбасы 13-қосымшада ұсынылды.
43. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті»  эмблемасы» бұйымының  «Қос жұлдыз» бөлшегінің сызбасы 14-қосымшада ұсынылды.
44. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті»  эмблемасы» бұйымының  «Шаңырақ» бөлшегінің сызбасы 15-қосымшада ұсынылды.
 
 
6. Рәміздерді дайындауға қойылатын негізгі талаптар
 
 
45. Сапаны көзбен шолып бақылау әдісі эталондық үлгілер бойынша  бұйымды салыстыру арқылы жүргізіледі.
46. Сапаны бақылаудың түйіспеу әдісі колориметрдің, спектрофотометрдің немесе өзге де сандық құрал-жабдықтың көмегімен координат жүйесіндегі түсті анықтау үшін жүргізіледі.
47. Сапаны бақылаудың жанасу әдісі бұйымдардың сызықтық көлемдерін анықтау үшін  өлшеуіш құралдардың көмегімен жүргізіледі.
48. Бұйымдар атмосфералық жағдайларда 24 сағаттан кем емес сыналады.
Бұйымдарда бояудың төзімділігін анықтау материалдық объектілердің тиісті түрлері үшін белгіленген тәртіппен қабылданған тәсілдерге сәйкес жүзеге асырылады:
1) күн сәулесіне, оның ішінде жасанды жарық көздеріне;
2) жауын-шашынның әсер етуіне;
3) теңіз суының әсеріне;
4) үйкелуге;
5) жууға және химиялық тазартудың әсеріне.
49. Бұйымдардың таңбалануы  мемлекеттік тілде жасалады.
Бұйымдарға және орауышқа:
1) тауарлық белгі, өндіруші кәсіпорынның атаулары мен мекенжайлары;
2) бұйымдардың атаулары;
3) бұйымдардың көлемдері;
4) жасау материалдары;
5) шығарылатын өнімдердің реттік нөмірі;
6) шығарылған күні көрсетілген тауарлық жапсырма қағаз бекітіліп тіркеледі.
50. Бұйымға оны күту бойынша белгілері және пайдалану бойынша ұсынымдары бар жадынама қоса беріледі.
Әр бумаға, пакетке немесе қорапқа деректемелері, бұйымдардың саны және ораушының нөмірі көрсетілген буып-түйетін жапсырма қағаз (этикетка) жапсырылады.
51. Жапсырма қағаз (этикетка) деректемелердің зақымдануына және жуылып кетуіне жол бермейтін типографиялық әдіспен толтырылады.
52. Бұйымдар бумаларға, пакеттерге немесе қораптарға топтастыру кезінде  жеке орауышта болады. 
53. Алғашқы және топтық орауыштар тасымалдау және сақтау кезінде  өнімнің тауарлық қалпын және сапасының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
54. Топтастыру кезінде буманы тоқыма баумен, лентамен, кез келген шикізаттан, өндірістегі материалдар немесе қалдықтардан жасалған жіппен байлауға жол беріледі.
 
 
Қазақстан Республикасы ҰҚК
        Төрағасы аппараты
Артқа