Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости
«БЕКІТЕМІН»
                                                                     Қазақстан Республикасы
                                               ҰҚК Төрағасы
                                                                                                 Н. Әбіқаев
 
 
 
Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұранының
орындалу тәртiбi
 
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұраны ұлттық қауіпсіздік органдарыныңТуын салтанатты жағдайда алып шығу, көтеру және орналастыру, сондай-ақ ҰҚК басшылығының қатысуымен өтетін ведомство  жиналыстары мен сапқа тұру аяқталған кезде орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерiн ұлттық қауіпсіздік органдарыныңТуына қарай бұрады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұраныныңорындалу барысында ҰҚК қызметшілері мен әскери қызметкерлері  туындыны орындарынан тұрып айтады (тыңдайды). Сапта салтанатты киінген басшылық пен командирлер бас киімінің күнқағарына қолын қойып ізет етеді.
2. Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұраны оркестрлік, хор, оркестрлік-хор немесе өзге вокалдық және инструменталдық орындауда айтылады,  бұл ретте дыбыс жазу құралдары қолданылуы мүмкiн.
Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұранын ықшамдалған түрде орындауға рұқсат етіледі.
3.        Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұраны бекiтiлген мәтiнi мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестiкпен мемлекеттiк тiлде орындалады.

    4. Ұлттық қауіпсіздік органдарыныңбірлескен әнұранының мәтiнi мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалар мен өнер туындыларына негiз ретiнде қолдануға болмайды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің әнұраны

Әнін жазған Серік Дәулетов
Сөзін жазған Тоқтарбек Хамзин

1.
Қайрат пен жігерді намысқа қайрап,
Әділдік сертін де санаға байлап,
Ерліктің белгісі – елдіктің үлгісі,
Аңыз бен дастандай тыңдалған.
Арнаулы қызметтің қыраны самғап,
Көрінбес майданда жеңісті жалғап,
Адалдық ісінде егемен Отанға,
Ел қорғау жолында шыңдалған.

Қайырмасы:

Алға самға! Шаршап талма
Елдікті сақтаудың жолында!
Алға самға! Қалыс қалма!
Тағдыры халқыңның қолыңда!

2.
Мемлекет көк туын биікке көтер!
Халқыңа парызды еңбекпен өткер!
Жүрегі жалынды, ақылы қарымды –
Біз – сарбаз намыстан от өрген.
Сақтаймыз кездессе қауіп пен қатер.
Отаным біздермен мұратқа жетер.
Алдын да аламыз, жолын да кесеміз,
Жасырын жау келсе жат жерден.

Қайырмасы:

Алға самға! Шаршап талма
Елдікті сақтаудың жолында!
Алға самға! Қалыс қалма!
Тағдыры халқыңның қолыңда!

ҚР ҰҚК әнұранын жүктеу

Қысқа нұсқасын жүктеу

Артқа