Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 және «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомстволық наградалары туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 жарлықтарына  өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 377  Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526  Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туының
СИПАТТАМАСЫ


Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы шеттерінің арақатынасы 2:3 (көлемі 1000х1500 мм) көктіктен (көк) түсті көк тік бұрышты жалпақ матадан тұрады. Тудың ортасында диаметрі 500 мм (тудың енінің қатынасы бойынша 1/3) алтын (сары) түсті Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының негізгі трафаретті бейнесі – айшықталған жеті ұшты жұлдыз, жұлдыздың ортасында шаңырағы бар кіші қалқан орналасқан.

Тудың сол жағы диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа кигізуге ыңғайлы етіп тігіледі. Сатың ұшы найза түрінде болады және алтын-сары түсті металдан әзірленген. Ұштықтың ұзындығы 260 мм, ені 110 мм. Найзаға ұшында қос шашағы бар алтын-сары түсті өрілген бау бекітілген. Баудың ұзындығы 750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
    

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
ТУЫ


Артқа