Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 және «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомстволық наградалары туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 жарлықтарына  өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 377  Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 23 мамырдағы
№ 3526  Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН



Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының
СИПАТТАМАСЫ


Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы алтын (сары) түсті жиекпен (ені 250 мм) көмкерілген, көгілдір (көк) түсті орталық алаңы (диаметрі 750 мм) және көктіктен (көк) түсті сыртқы шеңбері (ені 750 мм) бар дөңгелек қалқан (диаметрі 1000 м) бейнесінен тұрады.

Көктіктен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлеетітк тілде: үстіңгі жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында – «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу (қаріп биіктігі 550 мм) жазылған. Жазу күміс (ақ) түсте орындалған.

Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізіне күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелердің биіктігі бойынша диаметрі – 750 мм) орналасқан.

Жақұтты жұлдыздың ортасында – кіші қалқан (диаметрі 400 мм) орналасқан.

Алтын (сары) жиектпен (ені 10 мм) көмкерілген көктіктен (көк) түсті қалқанның (ені 40 мм) шеңберін бойлай «НАМЫС: АЙБЫН. ОТАН» деген мемлекеттік тілдегі ұран жазуы (қаріп биіктігі 36 мм) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.

Қалқанның ортасында көгілдір (көк) түстің үстіне алтын (сары) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – шаңырақ (диаметрі 280 мм) орналасқан.

Эмблеманың негізгі бөлшектерін:
кіші қалқан және шаңырағымен бірге ұран жазылған жұлдызды (орта эмблема);
шаңырағы бар кіші қалқанды ұрансыз (кіші эмблема), өз алдында эмблемалар ретінде қолдануға рұқсат етіледі.

Кіші эмблеманы пайдалану кезінде кіші қалқанның сыртқы шеңберін бойлай жеті күміс (ақ) тойтарма шегенің бейнесі салынады.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
ЭМБЛЕМАСЫ



Артқа