Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

"Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында" тақырыптық кеші өткізілді

Ү.ж. 27 сәуірінде Академия қабырғасында «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты екінші курс курсанттары дайындаған тақырыптық кеш өткізілді. Аталған іс-шараны Академия бастығы, генерал-майор Ш.Отарбаев сөз сөйлеп ашып, келген қонақтарды таныстырды.

 

Кешке құрметті қонақ ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы генерал-майор А.Баймұханов, Ұлы Отан соғысының ардагері отставкадағы полковник К.Әбенов сөз алып, залда отырғандарға сұрапыл соғыс кезіндегі естеліктермен бөлісті.

 

Курсанттар соғыс кезінен көріністер қойып, өз өнерлерін көрсетіп, қонақтардың иықтарына шапан жапты. Көрермендер «Гүлдер» ән-би ансамблінің өнерін тамашалады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа