Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Академия курсанттары "Жігіт сұлтаны" байқауында сайысқа түсті

Ү.ж. 21 сәуірінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Академия клубында ауыспалы құрам арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді.

 

Ұлттың уызынан нәр алған, ұлттық тәрбие бесігінде тербеліп өскен, қаны, тілі, ділі таза, қиядағыны қағуға қарымды, тәні шымыр, ойы өрелі ұрпақ тағдырына аса ерекше мән берген байқауға курсанттар тыңғылықты дайындықпен келгендерін көрсетті. Аталған шараға «Серілер» тобы, Әсел Құдайбергенова сынды өнерпаздар қатысып, байқаудың ажарын аша түссе, Серік Қалиев сынды айтыскер ақынымыз байқауға қазылық етті.

 

Төрт бөлімнен тұратын байқау сындарынан сүрінбей өткен төртінші курс курсанты Қайрат Рамазанов қазылар алқасының шешімімен Академияның «Жігіт сұлтаны» деген бас жүлдені жеңіп алды.

 

Қазылар алқасының төрағасы – ҰҚК Академиясы бастығының орынбасары полковник Ю. Жұмаев байқауға қатысушылар мен келген қонақтарға алғыс білдіріп, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа