Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында жаңа оқу корпусы пайдаланылуға берілді

Алматы. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оқу-әкімшілік және спорттық нысаннан құралған жаңа корпусты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, генерал-майор Әділ Шаяхметов салтанантты түрде ашты. Мұнда академия курсанттары мен тыңдаушыларына арналған аудиториялар, компьютерлік сыныптар және лингафондық кабинеттері, оқу залы, кітап сақтайтын қоймасы бар кітапхана, кең спорттық залдар жұмыс істемек.

 

ҰҚК академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басқару мамандарын дайындау және біліктерін арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы жоғары оқу орны, ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылады. Курсанттар бірнеше шет тілін меңгереді. Оқу мекемесінің құрамында 6 факультет пен 24 кафедра бар. Профессор-оқытушылар арасында 50-ден астам ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары еңбек етуде.

Артқа