Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Академия қабырғасында генерал-майор Ә.Арыстанбековті еске алу кеші өтті

2008 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясында курсанттардың ұйымдастыруымен ҚКСР МҚК бұрынғы төрағасы, генерал-майор Ә.Арыстанбековтың 100 жылдық мерейтойына байланысты еске алу кеші өтті. Кешке Ә.Арыстанбековтің қызы Г.Әубәкірқызы, туыстары, ҚР ҰҚК органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор С.Жақыпбеков бастаған бір топ ардагер және Академия курсанттары қатысты.

 

Алғаш сөз алған Академия бастығының орынбасары полковник Ю.Жұмаев келген қонақтарға алғыс білдіріп, ұлағатты ұстаз, білікті басшы генерал-майор Ә.Арыстанбековтің өмірі мен қызмет жолына тоқталып өтті. Генерал-майор С.Жақыпбеков әріптесі туралы мағыналы естелік айтып, отставкадағы полковник Ғ.Бекмұхамедовтың азамат туралы кітап жазып шығарғанын мәлім етті. Өз кезегінде кітаптың авторы да өз тілегін білдірді. Г.Әубәкірқызы да әкесі туралы тамаша естеліктерін айтты.

 

Сонымен қатар ардагер офицердің өмірі мен қызмет жолы туралы фотобейнелер көрсетілді. Кеш соңы Академия курсанттарының мерейтой иесінің құрметіне дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Қорытынды сөз алған полковник Ю.Жұмаев қонақтарға алғысын айтып, болашақта ҰҚК Академиясына генерал-майор Ә.Арыстанбековтің есімін беру туралы ұсыныс жасалатындығы жөнінде хабарлады.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Артқа