Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстандағы Украина жылы

Биыл елімізде Украина жылы болып жарияланды. Бұл екі елдің ынтымақтастығын тереңдетіп, дамытуға бағытталған аса ауқымды шара. Осы мақсатта бүгін Украина қауіпсіздік қызметі академиясының басшылары Қазақстандық әріптестерімен кездесіп, біріккен бірқатар жобаларды қарады. Еліміздегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы украиналық мамандармен жүргізген келіссөзде өзара кадрлар алмасу, білікті мамандар даярлау турасында бірқатар жобаларды талқылады. Сондай-ақ, арнайы жоғарғы оқу орындарында оқу-әдістемелік жүйелерді дамытуда біріккен алғашқы бағдарламалар әзірлеу қажеттігі туралы сөз болды. Украиналық қонақтар өз кезегінде Қазақстандағы қауіпсіздік саласына көңілдері толатынын және мұнда тұрақталған ғылыми-әдістемелік негіздің бар екендігін баса айтты. Қазақстандық мамандармен әріптестік таныту Украина қауіпсіздік қызметі үшін үлкен жетістік. Бұл жағдайдағы тәжрибе қазақ елінде айтарлықтай қалыптасты, дейді қонақтар. Ал, еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының басшылары Украина қауіпсіздік қызметімен бұрыннан қарым-қатынаста екендігін және бұл бағыт Қазақстандағы Украина жылы аясында да тереңдей түсетінін атап өтті.

 

Зараб Қазиев, ҚР ҰҚК Академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы:


- ТМД болған соң бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Оқу орындарын қалай ұйымдастыру керек? Ондағы оқу материалдарын, әдістемелік материалдарын, бір-бірімізге қалай көмек береміз деген бағыттар белгіленген. Қазір енді қанағаттанарлық деп айтуға болады. Сол кездегі шешімдер әлі күшін жойған жоқ.

Артқа