Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлт қауіпсіздігі - ұрпаққа қызмет

Қанат Ескендір, Егемен Қазақстан, 28.06.2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамы жас мамандармен толықты. Алматыда ҰҚК академия­сының он үшінші бітіруші түлектері диплом алып, әскери лейтенант шеніне ие болды.

 

Биыл академияны 81 түлек тәмамдап, олардың 14-і оқу ор­нын үздік дипломмен бітірді. Осы салтанатты жиынға ҰҚК төр­ағасы Нұртай Әбіқаев, ұлттық қауіпсіздік органдары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлері қаты­сып, үлкен өмір­дің арнасына түскен жас мамандарға ақ жол тіледі.

 

– ҰҚК академиясын табысты аяқтауларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына офицер атанып мемлекет қауіпсіздігін қамтама­сыз ету қызметіне жолдама алу түлектерімізге айрықша маңыз беруде. Мемлекет басшысы ар­на­йы қызмет және құқық қорғау органдары қызметін жетілдіруде, мемлекеттік шека­ра­ны кү­зе­туде, елі­міз­дің қорғаныс қа­бі­ле­тін арттыру мәсе­ле­сіне үнемі ерекше назар аударып келеді. Сондықтан да Ел­ба­сы сіздердің осында алған білімдеріңізді Отан қорғау жо­лында лайықты жүзеге асы­рулары үшін барлық жағ­дай­ды жасап келеді. Осыған орай бү­гін ҰҚК органдары жаңа заман талабына сай білікті де білімді жас кадр­лармен то­лық­ты деп сенемін, – деді ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев.

 

Оқу озаттарына диплом мен арнайы төс­бел­гіні төр­аға­ның өзі тапсырды. Ұлт­тық қауіпсіздік маман­да­ры­на жақ­сы әрі жауапты қыз­мет ету аздық ететінін, әрбір оқи­ғаны сараптап, сы­ни көзбен баға­лап, шұғыл шешім қабылдап, сыртқы және ішкі қауіптердің ал­дын-алу қажеттігін баса ескерткен Н.Әбіқаев, бұл үшін комитет қызметкерлеріне жет­кілікті өкілеттіліктің берілгендігін тілге тиек етті.

 

Сондай-ақ, республика Ұлт­тық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара акаде­мия­сын да 300 түлек бітіріп шыққандығын хабарлағымыз келеді. ҰҚК-ге қарасты ең байырғы әрі білім базасы бай осы оқу орны талай білікті маман, алғыр ұланды мемлекет қызметіне қосып ке­леді. Жас офицерлерге ака­­демия дипломдарын та­быс етіп тұрып ҰҚК төрағасы Н.Әбіқаев:

 

– Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл! Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы 20 жылда мемлекеттік шекарамызды қырағылық­пен қорғап, ел тыныштығын жоғары деңгейде қамтама­сыз ете білді. Болашақта да қазақстандық патриотизммен рухтанған, терең білімді, кәсіби офицерлеріміз жау­апты қызметті лайықты жалғас­тырады деген сенімдемін. Бүгін еліміздің байыр­ғы әскери оқу орын­да­ры­ның бірі – Ұлт­тық қауіпсіздік ко­ми­тетінің Шекара акаде­мия­сы кезекті түлектерін ұя­дан ұшырғалы отыр. Сіз­дерді осы салтанатты күнмен шын жүре­гім­нен құттық­тай­мын! – деп жас ма­ман­дар­дың бола­шақ­қа деген қа­да­мы­на жігер қосып, мемлекеттік маңызды міндетті абы­роймен ат­қару­ға сенім артты.

 

ҰҚК басшысы жас түлектерге «Отан сақ­шысы» деген абы­ройлы атты әрқа­шан жоғары ұстауды, мем­лекет шебінің мыз­ғы­мастығы мен ел тыныш­ты­ғын қам­та­масыз ету жолын­дағы қа­сиет­ті міндетке адал болып, сапалы атқаруды тап­сыра отырып, жас маман­дар­ды Тәуелсіздігіміздің тұғы­рын ны­ғайта түсуге ша­қыр­ды. Шара академия түлек­те­рі­нің салта­натты шеруі мен ата-аналардың аталмыш оқу ор­нына қабыл­данған жас тү­лектерді құт­тықтауына жал­ғасты.

 

Артқа